2. Өнімге, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын баға түрлері
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:
1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар – бұл меншік формаға тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады.
Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы – бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда – бұл кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының ерекше түрі – трансфертты бағалар – кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер арасында қолданылатын баға деңгейі.
Өнеркәсіптің көтерме бағасы деп тұтынушы кәсіпорындар, ұйымдар жабдықтау –сату (көтерме сауда) ұйымдарынан тауарды сатып алатын бағаларды айтамыз. Бұл кәсіпорынның көтерме бағасының құрамына, сондай-ақ, жабдықтау-сату ұйымының шығындары, пайдасы және ол төлейтін салықтар қосылады. Бұл бағалар өткізу өрісімен тығыз байланыста болады. Өнеркәсіптің көтерме бағасының ерекше түрі ретінде биржалық келісімдер немесе тауар бағасын көрсетуге болады. Ол биржадағы котировкаларға, жеткізу ара-қашықтығына, шегерім мен қосылымдарға, тауар сапасына, санына қарай қалыптасады.
Құрылыс тауарларының бағалары – үш түрі бар:
1. сметалық (құрылыс салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар;
2. прейскурантты баға – типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін орташа шығындар деңгейі;
3. келісімдік баға – тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |