Еңбекақы түрлері Негізгі



бет31/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Экономика предприятия лекция

Сатып алу бағалары – ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады.
Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек.
Мемлекет тарапынан осы мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген несиелер, материалдық-техникалық көмек және т.с.с.).
Бөлшек сауда бағалары – соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары қосылады.
Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.
1. Транспорттық тарифтер – жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ұйымның шығындары, пайдасы және ҚҚС кіреді. Шығындар екі бөліктен тұрады: бастапқы-соңғы операциялар үшін және қозғалыс үшін.
2. Коммуналды тарифтер – отын, жылу, су, канализация, газ, электрэнергиясы, көмір.
3. Тұрмысты тарифтер – шаштараз, кір жуу, жөндеу және с.с.
Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.
Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады); тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады); зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады); базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады).
3.Кәсіпорындағы баға белгілеу әдістері
Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады.
1. Еркін бағалар сұраныс және ұсыныс ықпалының негізінде қалыптасады.
2. Реттелетін бағалар – олар да сұраныс пен ұсынысқа негізделеді, бірақ мемлекеттік органдардың ықпалына да тәуелді болады (экономикалық (несие, кеден, салық, қаржы, бюджет саясаты арқылы) және әкімшілік (рентабельділікті шектеу, бағаны өзгертудің шекті коэффициенттері, шекті бағалар мен тарифтер енгізу) реттеу.
3. Тіркелген бағалар – мемлекет тікелей орнататын бағалар (прейскурантты, «мұздатылған», «монопольды» бағаларды тіркеу).
Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады.
1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады
2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы – ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар (сұраныс пен ұсыныс ара-қатысына тәуелділік), ұзақмерзімді баға (жаппай алынатын тауар үшін), нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар (әртүрлі сегменттерге әртүрлі баға қолдану), икемді бағалар (сатушы өзі тез арада өзгерте алатын бағалар), артықшылығы бар бағалар (үлесі 70-80 % болатын компаниялар бағаларын түсіре алады), енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар (берілген тауарларда мұқтаж тұтынушыларға арналған), кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар (басқа тауарды толықтыратын тауарлар үшін қолданады), келісімдік бағалар (сатып алушыға қосымша жеңілдіктер немесе шегерімдер жасалынады) қолданылады.
Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.
Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады:
Франко- жеткізу станциясы – тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді
Франко-жіберу станциясы – тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді.
Франко – қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.
Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет): бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.
Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет