Әдеби жанрлар Эпикалық жанрға



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата10.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#494835
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Көркемдегіш құралдар (1)

Ұйқас – шумақтың соңғы тармақтарындағы дыбыстардың өзара үндесіп келуі, өлең 
өнерінің мазмұндық, формалық сипаттарының үйлескен негізгі белгісі, бөлігі. 
 
 
АКАДЕМИК Қ. ЖҰМАЛИЕВ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЙҚАСТАРДЫҢ ТҮРІН ТӨМЕНДЕГІДЕЙ 
КӨРСЕТКЕН: 
1. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а) 
2. Шұбырпалы ұйқас (а, а, а, а) 
3. Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б) 
4. Шалыс ұйқас (а, б, а, б) 
5. Егіз ұйқас (а, а, б, б) 
6. Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б) 
7. Кезекті ұйқас (а, б, в, г) 


Қара өлең ұйқасы - 1, 2, 4 жолдар бір-бірімен буын, бунақ, дыбыс үндестігі жағынан 
ұйқасады да, 3 жол басқа жолмен беріледі. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңі қара 
өлең ұйқасымен жазылған. 
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, а 
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын а 
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, б 
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын а 
Егіз ұйқас – қатар тұрған екі тармақтың буын, бунақ, дыбыс үндестігі жағынан өзара 
ұйқасып келуі немесе арасына бір тармақ тастап отырып ұйқасуы. 
Алыстан сермеп, а 
Жүректен тербеп, а 
Шымырлап бойға жайылған. б 
Қиуадан шауып, а 
Қисынын тауып, а 
Тағыны жетіп б
Толғауы тоқсан, қызыл тіл, в 
(«Сегіз аяқ» Абай.) 
Шалыс ұйқас – тармақтардың екі жолдан, үш жолдан ұйқасып, келесі тармақтың 
ұйқассыз келуі немесе 1- жолы мен соңғы жолының ұйқасып, арасындағы тармақтардың 
ұйқассыз келуі. Бұл тәсілді Сүйінбай Аронұлының мына өлеңінен аңғаруға болады: 
Сүйінбай деген мен едім, 
Әкем Арон тұқымы 
Көжеқатық қой сұрап, 
Дүйсен деген біреуге 
Кеше күндіз кеп едім. 
Шұбыртпалы ұйқас - өлеңнің бірнеше тармағы ұйқасып келіп, ара-тұра тармақтарының 
ұйқаспауы. Исраил Сапарбайдың «Анаңнан асыл бар ма екен?» өлеңінен үзінді: 
Босамай ерні күбірлеп, 
Құдайға құлша жүгінген. 
Береке іздеп бүгіннен 
Ертеңге ессіз үңілген. 
Тағдырдан көріп тауқымет 
Табаны тасқа тілінген. 
Жүдеген жүзі жан көрсе,жүрегін ала жүгірген- 
Анаңнан асыл бар ма екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет