Әдеби жанрлар Эпикалық жанрға



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата10.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#494835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Көркемдегіш құралдар (1)

Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақалды эпиграф ретінде алуға болады. 
 
Эпизод - шығарма сюжетіндегі жеке оқиғалар. 
«Есін жиып, көзін ашқанда көргені ұлын құшақтап, ботадай боздаған әйелі мен қолын 
айқастыра телміріп тұрған ақ халатты дәрігер жігіт. Дәрігер жігіт бұған жымиып қарап
алғаш сұрағаны: Қай жеріңіз ауырады? – деген сөз болды. 
- Екі аяғымның басы сыздап шыдатпай жатыр, - деді Аспан. Хирург жігіт ұлын құшақтап 
отырған әйелге жалт қарады. 
- Жүз жасайсыз,- деді де тез-тез басып шыға жөнелді. Әйелі солқылдап жылауын одан әрі 
үдете түсті. Жанындағы он жасар ұлы кәперсіз, беті қабартып, үсіктің таңбалары мүлдем 
өзгертіп жіберген әкесін танымай қалды ма, үрке қарайды». 
Монолог екіге бөлінеді. 
Ішкі монолог - кейіпкердің іштей өз-өзімен сөйлесуі. Айталық, Спандияр Көбеевтің 
«Қалың мал» романында Итбай Тұрлығұлдың адамдары қызын айттыруға келгенде іштей 
қиялға беріліп, өз-өзімен ой түрінде сөйлеседі. 
«...Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса 
таза мың теңге ақша сұрасам ба екен. Қой,ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-
алты жылда, құдай бұйырса, жүзге тарта жылқы болмай ма? Жазғы қызығының өзі 
қандай, үйдің сыртына ұзын желіні құрып, құлындарды шыңғыртып байлап жатқан 
қандай?... Құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем!» 
Сыртқы монолог – шығармадағы кейіпкердің біреуге не көпшілікке арнап,сөзін бөлмей 
ойын жеткізуі. Орта жүздің биі болған Қазыбек қалмақ ханы Қоңтажыға елшілікке барғанда 
былай дейді: «Біз-қазақ деген елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Атадан ұл 
туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды 
қаматып отыра алмайтын елміз. Сен - қалмақ, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Табысуға 


көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен -а рыстан, алысқалы 
келгенбіз...» Бұл – сыртқы монолог 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет