Әдеби жанрлар Эпикалық жанрға



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата10.03.2024
өлшемі0.52 Mb.
#494835
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Көркемдегіш құралдар (1)

жырынан) 
Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. 
Атадан туған мен бір шоқ, 
Садаққа байлар сайман жоқ. 
Балталыдай көлім жоқ, 
Бақалыдай көлім жоқ, 
Алдымда менің ағам жоқ, 
Артымда менің інім жоқ. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» 
жырынан) 
Риторикалық сұрақ – риторикалық сұраққа, әдетте, жауап күтілмейді, айтылған ойға 
тыңдаушының назарын аударып, екпін түсіру үшін қолданылады. 
Айналайын ақ Жайық, 
Ат салмай өтер күн қайда? 
Еңсесі биік ақ орда, 
Еміне кірер күн қайда? (Махамбет) 


Ақ өлең – ұйқассыз, екпін мен ырғақ үндесіп келген өлең жолдары. Бұл тәсіл көбінесе 
жыраулар мен шешендердің тіліне жақын қалыптасқан. 
Қатынасы биік көлдерден 
Қатар түзеп қу ұшар 
Алға сап тез оқ ата көрмеңіз, 
Қандыауыздан сыйлы жебе сайламай, 
Атаның ұлы ер жігітке 
Арту-арту оқ келер, 
Оңған қатты сөз келер. 
Ақ өлеңнің көркемдік табиғаты Еуропа мен орыс поэтикалық дәстүрі және өлеңтаным 
құрылымына қатысты бағыттарда жан-жақты қарастырылған. Бұл өлеңнің түрлеріне 
М.Әуезов пен М.Мақатаев,З.Қабдоловтар да ғылыми пікірлер айтқан. 
Шумақ – бірнеше тармақтардан ұйқасқа құралып, ішкі мазмұнын ашатын өлең 
құрылысы. Өлең шумақтарында суреттеу, оқиға, көңіл-күй, сезім т.б.беріледі. Әр 
қаламгердің өз тақырыбы мен идеясы болады. Тақырып өздерінің таңдауына байланысты 
қойылады. Шумақтың тармақтары төрт не одан да көп жолдан,шумақ бірден жоғары 
саннан тұрады. 
Мысалы, Жамбыл Жабаев Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман өлгенде үш шумақ өлеңмен 
көңіл айтып, сәлем жазып жібереді. 
Сәлем айт, барсаң Абайға, 
Кеңесі кеткен талайға
Ауырды жеңген қара жер, 
Сабырлы болсын қалайда! 
Бір жұтқан судай дүниесін, 
Ащысын татып күймесін. 
Жапанға біткен бәйтерек, 
Жалғызбын деп жүрмесін. 
Кемелге келген асыл-ай, 
Тасқынды тәңір басуы-ай. 
Нар көтерген ауырға 
Арқасын тоссын жасымай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет