Қара өлең ұйқасы - 1, 2, 4 жолдар бір-бірімен буын, бунақ, дыбыс үндестігі жағынан
ұйқасады да, 3 жол басқа жолмен беріледі. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңі қара
өлең ұйқасымен жазылған.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, а
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын а
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, б
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын а
Егіз ұйқас – қатар тұрған екі тармақтың буын, бунақ, дыбыс үндестігі жағынан өзара
ұйқасып келуі немесе арасына бір тармақ тастап отырып ұйқасуы.
Алыстан сермеп, а
Жүректен тербеп, а
Шымырлап бойға жайылған. б
Қиуадан шауып, а
Қисынын тауып, а
Тағыны жетіп б
Толғауы тоқсан, қызыл тіл, в
(«Сегіз аяқ» Абай.)
Шалыс ұйқас – тармақтардың екі жолдан, үш жолдан ұйқасып, келесі тармақтың
ұйқассыз келуі немесе 1- жолы мен соңғы жолының ұйқасып, арасындағы тармақтардың
ұйқассыз келуі. Бұл тәсілді Сүйінбай Аронұлының мына өлеңінен аңғаруға болады:
Сүйінбай деген мен едім,
Әкем Арон тұқымы
Көжеқатық қой сұрап,
Дүйсен деген біреуге
Кеше күндіз кеп едім.
Шұбыртпалы ұйқас - өлеңнің бірнеше тармағы ұйқасып келіп, ара-тұра тармақтарының
ұйқаспауы. Исраил Сапарбайдың «Анаңнан асыл бар ма екен?» өлеңінен үзінді:
Босамай ерні күбірлеп,
Құдайға құлша жүгінген.
Береке іздеп бүгіннен
Ертеңге ессіз үңілген.
Тағдырдан көріп тауқымет
Табаны тасқа тілінген.
Жүдеген жүзі жан көрсе,жүрегін ала жүгірген-
Анаңнан асыл бар ма екен?
Достарыңызбен бөлісу: