Ағыл-тегіл е
Көл-көсір. б
Бунақ - өлең жолдарындағы кідіріс не түскен екпіннің әсерінен бөлінген әр жік.
Буын сандарына қарай бунақ та әрқилы болып келеді. Мысалы, Қасым Аманжоловтың
«Сарыарқа» өлеңі үш бунаққа бөлінеді.
Сарыарқа // сап-сары алтын // жүзген нұрға,
Қоналқы // мекен болған // сан ғасырға.
Сайран тау,//самал жайлау,//сырнайлы өзен
Лебімен // алар тартып,// шықсаң қырға.
Темірхан Медетбектің «Айтыс» өлеңі екі бунақтан құрылған.
Қоймаған соң // қолқалап,
Сөзден жасын // ататын
Шыға келген // ортаға
Екі жақтан // екі ақын
Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінің егіз ұйқастары бір бунақтан тұрады.
Ауырмай тәнім ,//
Ауырды жаным,//
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,//
Қысылды жүрек,//
Ағызды сығып жасымды.
Тармақ - өлең жолдары, өлеңнің әр тарамы. Қазақ өлеңдері тармақ жағынан 4-тен жоғары
болады.
4 тармақты өлең:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?
(«Шәкірт ойы» С.Торайғыров)
6 тармақты өлең:
Жарық дүние-ай,
Жаным-ай менің,
Ғажапсың!
Ғажапсың, шіркін!
Амал не, тезсің,
Аз-ақсың...
(Мұқағали Мақатаев)
Достарыңызбен бөлісу: