Әдебиет сабақтарында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар:
А.Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы. 1.Тапсырма: Поэма мазмұнын ретімен орналастырып шығыңыз. 1.Елсіз шөлге тап болды.
2.Таразыға түскен қу сүйек.
3.Аристотельдің жауабы.
4.Филипп патша қайтыс болды.
5.Көрші елдерді жаулады.
6.Құдайға бастайтын қақпа.
7.Ескендір таққа отырды.
Дұрыс жауабы: 1.Филипп патша қайтыс болды.
2.Ескендір таққа отырды.
3.Көрші елдерді жаулады.
4.Елсіз шөлге тап болды.
5 Құдайға бастайтын қақпа
6. Таразыға түскен қу сүйек.
7.Аристотельдің жауабы.
Поэманың мазмұнын қаншалықты білетіні анықталады. 2. Тапсырма: Поэманың тақырыбы мен идеясын анықтау үшін оқушыларды топтарға бөліп, топтық тапсырмалар беріледі. 1-топ. «Тілшілер» тобы. Тапсырма: Басқа топтарға сабақтың тақырыбы мен идеясына байланысты жуан сұрақтар дайындау.
2-топ. «Ақындар» тобы. Тапсырма:«Буриме» әдісін қолдану арқылы Ескендір туралы өлең шығару.
« Буриме» алдын-ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығару .
Мысалы: ..............................................................................................................…жарқылдаған,
.............................................................................................................……сақылдаған.
....................................................................................................................……тоймай,
..............................................................................................................…бағындырған.
...................................................................................................................……жамағат
......................................................................................................................….қанағат
.................................................................................................................…...адамзатқа
......................................................................................................................…..аманат