Лирикалық проза – қара сөз жанрындағы автордың нәзік көңіл- күйімен, сезім әсерімен суарылған шығармалар. Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырылады.
Мадригал – 14-ғасырда француз әдебиетінде идиллия мадригалғаауысты. Малшы сазы деген ұғымдағы бұл өлең о баста тыныштықтағы рақат тіршілікті әспеттесе, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті, кейін күлкі, сықақ араласты.
Метафора - ауыстыру – (грекше – көшіру) – суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, солай суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу.
Метонимия – алмастыру – (грекше – қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірініиң орнына бірін қолдану.
Мазмұн - өз эстетикалық идеалы тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни кейіпкерлер өмірі.
Монолог - әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл күйін білдіретін толғау сөз .
Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Метрикалық жүйе - ең көне өлең жүйесінің түрі әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады.
Модернизм (французша жаңа, қазіргі) - буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Ф.Ницшенің, З.Фрейдтің, К.Т.Юнгтің концепциялары негіз болды. М. әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Қоғамнан,өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің абсурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Кафка, Джойс сынды модернист-жазушылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғасырдағы буржуазиялық қоғамның кейбір даму өзгешеліктерін, ерекшеліктерін ашып берді.
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне сатиралық сипатта, аң, хайуанат, зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті сынайды. Мысалы, Эзоп, Лафентон, Крылов мысалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |