Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Неологизм



бет69/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Неологизм – жалпы қоғамдық дамумен сабақтас, тыңнан туған соны сөздер.
Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады.
Ода - «грекше - ән) – (қасида) есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған, ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса
көтеріңкі, көңілді жырлар. Мысалы, Гораций, Овидий, Лермонтов пен Державин, Байтоқ т.б.
Ойдан шығару - шығармада суреттеулер шындықтан шалғай жатпайтын, сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі, шындыққа суарылған адам бейнесін әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі.
Очерк жаңаның жаршысы, оқиғасы да, кейіпкері де шындық оқиғадан алынатын газет жанрының түрі.
«Өзен мектебі» (ағылш. lake - өзен) - Англияда да романтизм қарқынды дамыды, әсіресе бұл поэзияда айқын көрінді. Ағылшын романтизмінің алғашқы кезеңі «Өзен мектебінің» қызметімен байланысты.
«Өзен мектебіне» Водсворт, Колдридж, Саути т.б. романтиктер кірді. Олар өзендер көр орналасқан аймақта өмір сүрді, сондықтан оларды лейкистер (ағылшынша өзеншілер) деп атады.
Өлең – ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, белгілі бір тәртіпке бағынатын көрікті сөз тізбегі.
Параллелизм екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Абай өлеңінен бір үзінді: Көк ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта. өне бойы бойың егіліп. Жас ағады аулақта. Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп, күш алар. Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар.
Пастораль латын тілінде бақташы деген мағынаны береді. Қарапайым бақташының өмірін мал бағу жайын бейнелейтін лирикалық өлең және драмалық шығарма.
Пафос – көне дәуір эстетикасында пафос күшті толқу сезімімен байланысты жағдайды білдірген болатын. Аристотель үшін пафос – жанның қасиеті, кең мағынасында құштарлық деген мағынада. Қазіргі әдебиеттануда «пафос» термині «трагедиялық», «жоғарғы» ұғымдарына жақын тұрады.
Плеоназм – грек тілінен енген сөз – артық, керексіз, орынсыз басы артық сөз деген мағынаны береді. Мағыналық жағынан сәйкесіп, үйлесіп тіркескен, алайда логикалық тұрғыдан қисынсыз, шұбарлық тудыратын сөз орамы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет