Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Синекдоха – мегзеу – (грекше – арақатысын ашу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану. Символ



бет71/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Синекдоха – мегзеу – (грекше – арақатысын ашу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану.
Символ – (гр. symbol – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, ойды ашық айтпай, тұспалмен түсіндіру. Ол романтизм поэтикасында кең орын алады. М.Лермонтовтың «Жалғыз желкені», М.Жұмабаевтың
«Қойлыбайдың қобызы» - символмен жазылған шығармалар.
Символизм – ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Еуропада, кейіннен басқа елдердің әдебиеті мен өнерінде өріс алған модернистік көркем-әдеби бағыт. Символизм эстетикасының негізін ХІХ ғ. 60-70 жж. алғаш француз ақындары П.Верлен, А.Рембо, С.Малларме жасады. Сонымен қатар символизм белгілері М.Метерлинк, П.Валери, Р.М.Рильке шығармаларында да көрініс тапты. Сол кезең философиясындағы күнделікті күйбең тіршілік шындығының жалғандығы, құр бос күйгелектігі және шынайы, бұлжымас, мәңгілік құндылықтардың трансцендентті әлемі туралы көзқарастары символизмнен көрініс тапты. Сондықтан да С. сезімдік қабылдау шеңберімен шектелмеген жоғары шындық, жоғары ақиқат әлемін іздестірді. Күнделікті болмыстан жоғары жатқан шынайы құндылықтарды танытудың пәрменді құралы – поэтикалық символ деп таныған символистер үшін алыстағы шалғай сырды
тек интуиция арқылы сезіну мүмкін болып көрінеді. Символизмнің философиялық идеологиясы – платонизм, қосәлемділік, «идеялар әлемі» және «заттар әлемі». Символистік сарындағы шығармалар шындықтан гөрі мистикаға, ақылға түсініксіз таңғажайып құбылыстарға, жұмбаққа жақын. Түп тамыры романтизммен, сентиментализммен өзектесіп жатқан символизм адамның субъективті ішкі әлемін дербес құрылым ретінде, сезім еркіндігін, ой-түйсіктің жүйеге түсуді қажет етпейтін ырықсыз жарқылын, астарлы, ғарыштық мәнін дәріптеумен ерекшеленеді. Символизм арқылы сырт дүние мен ішкі өмірдің жарасымын іздестіретін, әсем, көрікті, ырғақты поэзия құдіреті салтанат құрғаны аян.
Социалистік реализм – кеңес дәуіріндегі әдебиеттің көркемдік әдісі. Ол өмірді шыншылдықпен, тарихи нақтылықпен бейнелеуді талап етті, еңбекші халықты коммунистік, гуманистік идеялар рухында тәрбиелеу мақсатын алға қойды, социализм жолында күрес жүргізіп отырған жаңа қоғамның әлеуметтік-саяси, философиялық, эстетикалық идеяларын уағыздап, өмір шындығын осы идеялар тұрғысынан бейнелеуді қажет деп санады. Социалистік реализм әдісі, оған тән идеялық, таптық принциптер бұлжымас қағидаға айналып, іс жүзінде әдебиеттің саясатқа тәуелді болуына жол берілді. Бұл әдіс өз дәуірінің жемісіне жатады. Кеңес дәуірінде М.Горькийдің шығармашылығын үлгі еткен бұл әдіс өзге әдістердің кей тұстарын (мәселен, романтизмнің «өршілдік», «асқақтық» сынды қасиеттерін) өзіне лайықтады. Дегенмен социалистік реализм басқа әдістерді саяси жүйеге қатысты өз көлеңкесінде қалдырды, кеңестік құрылысты нығайту, уағыздау мақсатын атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет