Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша 
аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар 
ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.  
Қайталаудың түрлері: жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау 
(анафора), кезекті қайталау (эпифора).


44 
Жай қайталауға мысал: 
Байлық! Байлық! 
Байлық деген батпан cop. 
Адамзатты тура жолдан қаққан сол... 
Сүймеген соң болмайды ғой, болмайды ғой, ағайын, 
Бақыт құсы қонбайды ғой,қонбайды ғой, ағайын! (Қадыр мырза Әлі! 
Ay, қызғыш құс, қызғыш құс! 
Ел қорыған мен едім. 
Мен де айрылдым елімнен. 
Көл қорыған сен едің, 
Сен де айрылдың көліңнен. 
(Махамбет) 
Бұл еспе қайталаудың үлгісі. Ой мен сыр еселеніп келеді де, алдыңғы 
ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі 
әсер дарытқандай болады.
Ұйқыдан соң-
Жапырақпын 
Жаңбыр шайып жаңарған. 
Ұйқыдан соң-
Құспын
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған. 
(С. Мәуленов) 
Бұл - әдепкі қайталаудың, яғни анафораның (грекше биікке шығару) 
үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немес әрбір ой ағымы бір сөзден басталып 
отырады.
Күншілдер өледі 
Сұлулар өледі 
Көңілін от қарып:
Құшақта тұншығып. 
Батырлар өледі: 
Арғымақ өледі 
Борышын атқарып.
Артында шаң қалып: 
Бұзықтар өледі 
Ақындар өледі: 
Пышаққа құлшынып:
Бәріне таң қалып!
Бұл – кезекті қайталаудың, яғни эпифораның (соңынан алып жүру) үлгісі. 
Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ 
жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.
Шендестіру, яғни антитеза (грекше қарама-қарсылық) – бір-біріне 
кереағар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет