43
Бұл - жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес,
жалпы жұртқа
қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.
- Шырағым-ay, шашың неге ағарды?
Әлде біреу кемітті ме бағаңды?
Сенің қара тұлымыңды сипаған,
Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды?
- Тентегім-ay, мұртың неге қыраулы
Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?...
(Қ. Бекхожин).
Бұл – сұрай арнаудың үлгісі: ақын немесе ақын жырға қосып отырған
адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол
сауалдарға жауап күтеді.
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.
Құлыптасқа қол көтеру, қарағым,
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Бұл да – сұрай арнаудың үлгісі; бірақ мұндағы өзгешелік – арнауда
қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ
түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр.
Сұрай арнаудың
мұндай түрлерін шешендік, яки риторикалық (грекше ділмар) –
айшық деп
атайды.
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы.
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің pac болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!
(«Қыз Жібек»)
Мен айтсам деп,
Айтсам деп сөзін көктің,
Мұнара ішек тағып, Безілдеттің.
Бірінші боп үлгермей өлең жырда,
Бірінші боп арадан өзің кеттің.
Батыр едің ешкімге бермес кегін.
Ақын едің, өнерде төрлес едің.
Бақытсызбыз - біз сені жерлеп қайттық,
Бақыттысың - ешкімді жерлеспедің!
Керек еді - бел емес -Тау асқаның,
Жарқыратып жырыңмен дала аспанын.
Бақытсызбыз - біз мүше бөлісе алмай,
(Қадыр Мырза Әли)
Бұл - зарлай арнаудың үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: