Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Символ (грекше шартты белгі) - астарлау, яғни – бір нәрсені не



Pdf көрінісі
бет34/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Символ (грекше шартты белгі) - астарлау, яғни – бір нәрсені не 
құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не 
құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да 
ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа 
әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл 
сипат береді.
...Аңыз емес, 
Ертегі емес,— 
Сыр тыңда: 
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да. 
Жүргеніңді жасырасың өзіңше 
Менің кеше көшіп кеткен жұртымда. 
Тұяқ үні естілмей ме жел жақтан? 
Келіп қондың қотаныма төл жатқан. 
Мақтанасың жалыным деп, отым деп, 
Қоламтасын кешегі оттың мен жаққан.. 
Гиппербола (грекше: hyperdole–өсіріп айту, «түймедейді түйедей 
ету») бір затты яки құбылысты әшейіндегі бар қалпынан асырып айту. 
Мысалға: Көп түкірсе көл. Қу сүйектен қуырдақтық ет алады. 
Жігітке жиырма деп қараған кім? 
Жігіт емес бәрі шаш тарағанның. 
Туған күні тумайды ep, 
Туады ол 
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн. 
Бір ұғудай ұғып-ақ алғам мұны, 
Артық шығар марғаудан малдың құны. 
Өлген күні өлмейді ep, 
Өледі ол 
Қолынан іс келмей бір қалған күні. 
Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар! 
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?! 
Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, 
Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар! 


42 
Литота (грекше: litotes–қарапайымдылық; гиперболаға керісінше бір 
затты яки құбылысты әшейіндегі бар қалпынан кішірейтіп, қораш көрсетіп 
айтатын троп түрі. 
Мысалы:
Күнде алшы түсірсең де асығыңды (гипербола) 
Көрмейді жат жұрт сені тасы ғұрлы (литота) 
Шеңгел де өз жерінде дүрілдейді, 
Әркімнің өз елінде басы құнды. 
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де, - поэзияда, көсем 
сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда 
қолданылады. Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі 
әдебиетімізде көбіне әсірелеу, яғни гротекс (французша – оқыс, оқшау, 
оспадар) түрінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет