ҚАН ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚАННЫҢ ҰЮЫ
Бір малдың қанын екінші малға донор (қан беруші) қаны мен реципиент (қан қабылдаушы) қаны үйлесім-ді болған жағдайда ғана құюға болады. Мұның себебі — эритроциттерде екі түрлі желімденетін заттар: А және В агглютиногендері, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат — а және р агглютининдері болады. Эритроциттер-дің бір-бірімен желімденуі А агглютиногені мен а агглютинин!, В агглютиногені мен [J агглютинині кездес-кенде байқалады. Қан құрамындағы агглютиноген мен агглютининдердің сипатына қарай адам қаны 4 топқа бөлінеді.
Мал қанының эритроциттерінде көптеген агглютино-гендік факторлар болады, сондықтан оларды топқа бөлмей, генетикалық жүйелерге біріктіреді. Мысалы, ірі карада 80 агглютиногендік фактор болады да, ол 12 ге-нетикалық жүйеге бөлінеді. Жылқы қанында 19 агглютиноген болып, ол 10 генетикалық жүйеге бөлінеді.
Ауылшаруашылық малы қан топтарыныц бұл ерек-шелігін иммуногенетикада пайдаланады.
Жүмыс мақсаты. Адам қанының топтарын және үю жылдамдығын аиықтау әдістерін үйрену.
Керекті заттар мен құралдар. Қанның II және III топтарының стандартты сарысуы, пипеткалар, төсеніш шынылар, қан алуға арналған инелер, мақта, спирт, иод.
Достарыңызбен бөлісу: |