050802 Зоотехниямамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «___» _______200_ж. , № __ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _____________ Ж.М. Исимбеков
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“___” ______ 200_ж., № ___ хаттамасы
ОӘК төрайымы ______________ Ұ.Д. Бүркітбаева
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
ҚАН ЖҮЙЕСІ
Малдан қап алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып, теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі. Қанды аз мөлшерде алған жағдайда малды онша күш жұмса-май үстаған дұрыс. Кейбір жағдайларда ұсақ мал мен қүстан канды тікелей жүрек қарыншасынан алады.
Жылқы, ірі қара және ұсақ малдан қан алу әдістері. Аздаган қанды құлақтың вена тамырларынан алады. Тамыр орналасқан жерді тазартқан соң, оны арнаулы инемен теседі де, шыққан қан тамшысын шыны түтік-шемең сорып алады. Тамырдан шыққан бірінші тамшы-ны құрғақ таза мақтамен сүртіп тастаған жөн, сонда қан тамшысы жайылмайды, оны сорып алу оңайлайды.
Көп қанды ойыс венадан алады. Ол үшін малды қи-мылдамайтындай етіп байлайды да, теріні тазартып, қан алатын тамырды бас бармақпен баса үстайды. Қан та мырға жиналып, тамыр анык. көрінеді. Арнайы стерильденген инемен тері мен тамырды көлбей теседі (ине ша-мамен 45° бұрышпен қадалу керек). Қан аға бастағанда инеге таза ыдысты тосып, керекті мөлшерде қан алады. Соңғы кезде қан алу үшін арнаулы аспап — автоматтар пайдаланылады.
Созылмалы тәжірибелерде терең орналасқан қан та-мырларынан (қақпалық, бауыр, артқы қолқа, мес қарын тамырлары және басқа веналардан) ұзақ уақыт қан алу үшін катетерлеу әдісі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |