Жүмыс барысы:1. Қан топтарын анықтау.
Төсеніш шыныньщ астыңғы бетінің бір шетіне II, ал екінші шетіне—III деген белгі салады да, белгілерге сәйкес II және III топтың стандартты қан сарысуын та-мызып, оларға зерттелетін қанның бір-бір тамшысьш араластырады. Егер тексерілген қан I топқа жатса, екі тамшыда да агглютинация жүрмейді (тамшыда ірімтік-тер пайда болмайды), IV топтың қанында екі тамшыда да агглютинация байқалады. Агглютинация III топтың қан сарысуы қосылған тамшыда жүрсе, кан II топқа, ал керісінше II топтың қан сарысуы араласқан тамшыда жүрсе—III топқа жатады.
.2. Қаннық ұю жылдамдығын анықтау (Бюркер әдісі бойышиа). Сағат шынысының бетіне дистильденген судың бір тамшысын алып, оған бір тамшы қан аралас-тырады да, уақытты белгілейді. Қанды адамның сауса-ғынан, не қоянның құлақ тамырынан алады.
Әрбір жарты минут өткен сайын иілген жіңішке шьь ны таяқшамен тамшыны жайылып кетпейтіндей етіп араластырады. Таяқщанын, ұшына фибрин жіпшелері ілінген уақыт канның ұю мерзімін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары
Канды топқа бөлу негіздері.
Қан топтарьгнық үйлесімдігін анықтау принциптері.
Қан топтарын анықтау әдістері.
4. Ауылшаруашылық малы қанының генетикалық жүйелері.
5. Қанның ұюы және онын. механизмі.
6. Қаннық ұю жылдамдығын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |