Әдістемелік нұсқау



бет16/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
биохим

Бақылау сұрақтары

  1. Қанның физикалық қайиеттері.

  2. Буферлік жуйе дегеніміз не, оныд мақызы қандай?

  3. Ацидоз және оның түрлері.

  4. Алкалоз және оның түрлері.


Жануарлар қанының сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшеріне шаққандағы ақуыздардың мөлшері (%)


Жануар түрі

Альбуминдер

Глобулиндер

α

β

γ

Жылқы

32,4

17,0

23,0

27,6

Ірі қара мал

40-48

12-20

16-21

20-30

Қой

39-43

18-22

35-30

10-15

Шошқа

39-49

15-24

10-18

15-30


Қан плазмасының минералды құрамы


Плазманың 1000г

Үй қояны

Шошқа

Жылқы

Сиыр

Ит

Мысық

Су

925,60

917,61

902,05

943,64

923,98

926,93

Натрий

3,292

3,150

3,286

3,195

3,159

3,289

Калий

0,215

0,224

0,218

0,212

0,188

0,217

Кальций

0,085

0,087

0,079

0,085

0,081

0,079

Магний

0,025

0,025

0,027

0,027

0,024

0,026

Хлор

3,883

3,627

3,726

3,690

4,023

4,170

Бейорганикалық фосфат

0,085

0,070

0,095

0,113

0,106

0,094

Қан құрамындағы гемоглобин


Жануар түрі

Сали бойынша (%)

Ауытқу

Қанның 100 мл (%) гемоглобинның

саны

Жылқы

80

50-110

13,6

ІҚМ

65

56-74

11,0

Қой

68

54-80

11,6

Шошқа

60

51-69

10,6

Ешкі

63

45-81

10,7

Ит

80

65-95

13,7

Мысық

65

47-83

11,0

Үй қояны

69

51-87

11,7

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТЫНЫС АЛУ
Тыныс алу дегеніміз организмнің оттегін пайдала-нып, көмір қышқыл газын шығаруы. Сүт қоректі жан-уарларда тыныс алу процесі арнайы мүшелер (танау, көмекей, кеңірдек, бронх тарамдары және өкпе) арқы-лы жүреді.

Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда тыныс алу процесі мына төмендегідей сатыға бөлінеді:



  1. сыртқы орта мен өкпе альвеолары арасындағы газдардың алмасуы — сыртқы тыныс;

  2. өкпе альвеолары мен қанның арасындағы газ ал-масу, немесе газдардың өкпедегі диффузиясы;

  3. қанның газдарды тасымалдауы;

  4. қан мен клеткалар арасындағы газдардың алма­суы — ішкі тыныс;

  5. клеткалардың оттегін пайдаланып, көмір қыш-қыл газын бөлуі.

Тыныс алу — дем алу (инспирация) мен дем шығару (экспирация) процестерінен құралған. Дем алу мен дем шығару процестері арнайы инспираторлық (сыртқы қа-бырға аралық, қабырға көтергіш, дорсальді тісті инс­пиратор (дем алғыш), сатылы қабырға үсті еттері, диа­фрагма) және экспираторлық (ішкі қабырға аралық, дорсальді тісті экспиратор (дем шығарғыш), тура және қиғаш құрсақ еттері, диафрагма) еттердің қызметінің арқасында жүреді. Ал өкпе мен ұлпаларда газ алмасу процесі газдардың үлес қысымының айырмасына бай-ланысты; газ қысымы көп жақтан қысымы аз жаққа өтеді.

Жұмыстың мақсаты. Тыныс алу механизміндегі диа-фрагманыц ролін көрсету, пневмография әдісімен та-нысу және тыныс алу процесінде жыбырлағыш эпите-лидің атқаратын ролімен танысу. Өкпенің тіршілік кө-лемін анықтау әдісімен танысу, тыныс алудың гуморал-дық жолмен реттелуін бақылау.

Қеректі заттар мен құралдар. Дондерс схем асы, пневмограф, төсеніш шыны, үгітілген графит, бақа, спирометр, мақта, спирт.

Жүмыстың барысы:

1. Тыныс алу механизмі (Дондерс схемасын көрсету).

2. Жыбырлағыш эпителийдегі құбылысты бақылау.
Жүлыны бұзылын қимылсыздандырылған бақаның

құрсақ қуысын ашып өңеші мен ас қарынын бөліп ала-ды. Өцеш пен қарынды ұзына бойына қақ жарып аша-ды да, тығынды пластинканың үстіне инелердің көме-гімен жая ашады. Өңештің кілегей қабағының жоғарғы жағына графит не көмір үнтағын сеуіп, олардың козға-лысын бақылайды. (Қозғалысты бақылау оңай болу үшін өңештің жанына миллиметрлік қағаз кояды), Өңешті жоғарғы жақтыц кілегей қабағымен ауыстырып тәжірибені қайталайды. Байқалған қүбылысты түсін-діріңіз.



3. Спирометрдің көмегімен өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау. Өкпенің тіршілік сыйьшдылығын
анықтау үшін спирометрді жұмысқа дайындау керек. Аппараттың арнаулы түтікшесін спирттелген мақтамен
сүрткеннен кейін, тексерілетін студент танауын арнаулы қысқышпен қысып қояды да, барынша терең дем
алып, барлық демін спирометр түтікшесі арқылы шығарады. Спирометрдің ішкі цилиндрінің көтерілу деңгейіне қарап аппараттың арнаулы белгілері бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығьш анықтайды. Орта көрсеткішті шығару үшін тәжірибені үш рет қайталайды.

Тыныс ауасының мөлшерін анықтау үшін калыпты жағдайда дем алып, демді спирометрге шығарады. Бүл тәжірибені де үш рет қайталап орташа көрсеткішті

анықтайды.

Қосымша (үстеме) ауа мөлшерін анықтау үшін спи-рометрдің ішкі целиндрінің тығынын ашып, оны жоғары көтереді де, спирометр цилиндрін атмосфералық ауамен толтырады. Студент танауын қысқышпен қысып қойып, қалыпты жағдайдағыдай дем алады да, түтікшені ау-зына алып, дем алуды спирометр арқылы жалғастыра-ды. Спирометрдің алғашқы көрсеткіші мен дем алған-нан кейінгі көрсеткіштерінін айырмасы қосымша ауа-ның мөлшерін көрсетеді.

Қордағы ауаның мөлшерін анықтау үшін тексеріле-тін студент танауын қысып, қалыпты жағдайдағыдай дем шығарады да, түтікшені аузына алып, қалған де-мін барлық мүмкіндігінше спирометрге шығарады. Спирометр көрсеткіші арқылы деммен шықкан ауаның мөлшерін анықтайды.

Жоғарыда баяндалып өткен кейінгі үш тәжірибенің көрсеткіштерін қосып, оны алғашқы анықтаған өкпенін, тіршілік сыйымдылығымен салыстырады. Егер керсет-кіштер айырмашылығы 10%-тен көп болса зерттеуді қайталайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет