Теңіз доңызынан қан алу. Теңіз доңызынан қанды аз мөлшерде құлағынын, ұшын тіліп немесе табанын франк инесімен тесу арқылы алады. Қанды көп мөл-шерде ойыс венадан (теріні кесіп, қан тамырын оқшау-лағаннан кейін) немесе тікелей жүректен арнаулы ине-мен алады. Инені тес сүйегінің сол жағын ала, жүрек қағысы анық сезіліп түрған жерден қадайды. Инені 1,5— 2 см тереңдікке енгізу керек. Бір алғанда 5—10 мл қан алуға болады.
Егеуқүйрық пен тышқаннан қан алу. Егеуқүйрық пен тышқаннан қанды құлағының үшын тіліп, немесе қүй-рығының ұшын кесіп алады. Үлкен егеуқұйрықтан қанды кұйрық венасынан да алуға болады. Ол үшін күйрықты алдын ала жылы суға салады да, дәкемен құрғатып сүртеді. Содан соң құйрық түбін саусақпен кыса ұстап, венаға жіңішке ине кіргізеді де, қанды піприцпен сорады.
Құстан қан алу. Тауықтан қанды аз мөлшерде оның айдарын тіліп, ал қаз бен үйректен жұмсақ табанын тесіп алады. Құстан қанды көп мөлшерде, канаттары-ның астыңғы жағында орналасқан қанат асты венадан алады. Ол үшін қауырсындарды жұлып тастап, топшы түсынан венаны саусақпен қыса ұстап, инені тамырға көлбей енгізеді.
Қүстың қаны өте тез үйитын болғандықтан, қан ала-тын жерді алдын ала қан уйытпайтын сүйықтықпен (антикоагулянтпен) сүртеді. Шыққан қанды пипеткамен Ішінде антикоагулянты бар пробиркаға кұяды.
Тауықтан, қаздан, түйетауықтан бір ретте 10—15 мл, кегершіннен —1 —1,5 мл қан алуға болады.
Бақадан қан алу. Бақаның бірнеше тамшы қанын саусақтарының үшын қайшымен кесіп тастап, алуға болады. Қанды кейде қурсағының ортасында орналасқан тері венасын тесіп алады (алдын ала теріні кеседі). Көп жағдайда қанды бақаның кеудесін ашып, тікелей жүрегінен алады.
Достарыңызбен бөлісу: |