Әдістемелік нұсқау



бет17/35
Дата03.01.2022
өлшемі1.55 Mb.
#450515
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
биохим

ТЫНЫС АЛУ ХИМИЗМІ

Қанда негізінен азот, оттегі, көмір қышқыл газы кездеседі. Азоттын, мөлшері артерия қанында да, вена қанында да, бір деңгейде сақталады, ол организмдегі алмасу процесіне қатыспайды. Оттегі артерия қанын-да--18 колем процент, ал вена қанында—12 келем процент болады. Дененің қалыпты температурасы жағ-дайында альвеола ауасында оттегінің үлес қысымы с. б. 107 мм тең болса, 100 г қан 0,31 мл оттегі газын ері-те алады. Демек, организмге қажетті оттегі газының тек қана^ 0,3 проценті қан арқылы физиологиялық ері-тінді күйінде тасымалданып, негізгі бөлігі эритроциттердің құрамындағы гемоглобинмен химиялық қосылыс түрінде тасымалданады.

Көмір қышқыл газы оттегімен салыстырғанда жақ-сырақ ериді, сондықтан онын. организмдегі жалпы мөл-шерінің 2,7% ерітінді түрінде тасымалдаиып, ал негізгі бөлігі — ерімейтін химиялық байланыстар түрінде та­сымалданады.

Атмосфералық ауаның құрамындағы барлық газдар организмде газ алмасу процесіне қатыспайды. Мұның себебі, организм клеткаларыньщ өзіне керекті газдарды таңдап алуында және газ алмасу процесінің физика заңдылықтарына сәйкес жүруінде. Организмде газ ал­масу газдардыц үлес (парциальды) қысымының айыр-масына сәйкес жүреді: газдар үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа ауысады.



Керекті заттар мен қүралдар. Кипп аппараты, НСІ-ерітіндісі, бор, ерітілген парафин, мақта, спирт, пинцет, қайшы, бақа, жіп, пипетка.

Жұмыстың мақсаты. Қипп аппаратында газдардың өкпе ұлпаларынан үлес қысымының айырмасына сәйкес өтуін бақылау.

Жүмыстың барысы. Бақаньщ көкірек қуысын ашқан-нан соң, дыбыс (тыныс) санлауы арқылы пипеткамен өкпеге ауа үрлейді де, оньщ кеңірдекпен жалғасқан же-рінен жіппен қысып байлап өкпені кесіп алады. Ауамен толы жекеленген өкпені шыны банкаға салып онын. қақ-пағын тығыздап жабады да, ауа шықпайтындай етіп парафинмен бітейді. Банканы арнаулы түтікше арқылы алдын ала түз қышқылы қүйылып, мрамор (немесе бор) салынған Кипп аппаратымен жалғастырады. Аппаратта бөлінген көмір қышқыл газы банкаға жиналып, онын үлес қысымы көбейеді. Сол себепті көмір қышқыл газы банкадағы ауадан альвеолдарға өтеді де, өкпе керіліп, кей жағдайда жарылып та кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет