6. Болымсыздық есімдіктерін көрсет
A) Әлдене, кейбір, қайсыбір;
B) Кейбіреу, кім, қандай;
C) Барлық, бәрі, түгел;
D) Ештеңе, ешқашан, ешқандай;
E) Мен, сен, ол.
Дескриптор Білім алушы
- Есімдікті еске түсіреді, оның түрлерін ажыратады
- есімдік туралы тест сұрақтарына жауап береді
7 Тақырып Ұлы тұлғалар
Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Қожа Ахмет Ясауи–1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады.
«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қазақстан Республикасы
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан даму институты, 1998 ж
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) —ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі - «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке»,«Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |