Әдістемелік ұсынымдар Білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтардың қызмет тәртібі



бет1/7
Дата12.02.2024
өлшемі83.82 Kb.
#491689
  1   2   3   4   5   6   7
Әдістемелік нұсқаулық



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Әдістемелік ұсынымдар


Білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтардың қызмет тәртібі

Нұр-Сұлтан қаласы


2022 жыл
Осы «Білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтардың қызмет тәртібі» әдістемелік ұсынымдарын (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары, қамқоршылық кеңестер, ата-аналар қоғамдастығы және т.б. өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірледі.
Әдістемелік ұсынымдар жергілікті атқарушы органдарға, білім беру ұйымдарына арналған.
Әдістемелік ұсынымдарда Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар (бракераж комиссиясы) мен Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтары қызметінің тәртібі айқындалған.


Мазмұны:

1. Кіріспе......................................................………………………………..4-5 бет.


2. Балалардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың мониторингті жүзеге асыру тәртібі............................................................6-8 бет.
3. Білім беру ұйымдарының ас блоктарына қойылатын негізгі талаптар бойынша жадынама....…………………………………………………....9-13 бет.
4. Тамақтану сапасының мониторингі актісінің нысаны.....………….14-21 бет.
5. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтарының қызметін жүзеге асыру тәртібі........................22-23 бет.
6. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы актісінің нысаны.............………………………….….25-26 бет.

Кіріспе

Балалардың өмірі мен денсаулығының басымдығы, оның ішінде сапалы тамақтануды ұйымдастыру мәселесі денсаулық сақтау («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі) және білім беру («Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.


Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) техникалық регламентте балалар тағамы, оның ішінде мектеп жасындағы 6 және одан жоғары жастағы балалар үшін мамандандырылған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар айқындалған (1-қосымша 8-бап, 1.12-бөлім 2-қосымша).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 ақпанда № 26866 болып тіркелген) бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында (бұдан әрі - № 16 санитариялық қағидалар) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстары мен жабдықтарын (оның ішінде мектептегі асханаларға) күтіп-ұстауға және пайдалануға, тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу және кәдеге жарату шарттарына қойылатын талаптар айқындалған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23890 болып тіркелген) бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында (бұдан әрі - № 76 Санитариялық қағидалар) білім беру объектілерінде тамақтану жағдайларына қойылатын талаптар айқындалған.
Тамақтандыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21857 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттарында айқындалған.
2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - БҒМ) Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен (бұдан әрі - ДСМ) келісілген бір реттік мектепте тамақтандырудың бірыңғай нормаларын әзірледі (ҚРҮ 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына толықтырулар енгізілді).
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының тармағын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ білім беру ұйымдары білім алушыларының дұрыс тамақтануына қызығушылықты арттыру мақсатында ДСМ Қазақ тамақтану академиясымен және «Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы» ҚБ-мен бірлесіп 2017 жылы «Мектеп оқушыларының тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар (жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін 4 апталық ас мәзірі)» әдістемелік ұсынымдарын әзірледі. Қазақстанның жалпы білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйесін регламенттейтін.
Жоғарыда аталған нормалар тамақ өнімдеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың, яғни балалардың қалыпты өсуі мен дамуына қажетті барлық макро - және микроэлементтердің негізгі көзі болып табылатын тамақ өнімдерінің жиынтығын ұсынады.
2014 жылдан бастап балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген.
Балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Қағидаларда жеткізуші қызметкерлердің білікті штаты бар (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, өндіріс меңгерушісінің, диетологтың немесе диеталық мейіргердің болуы және т.б.) мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге дайындалған тағамды таңдауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар көзделген.
2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі енгізілді.
2020 жылдан бастап конкурстық рәсімдер электрондық сатып алудың бірыңғай порталы арқылы электрондық форматқа көшіріліп, тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар күшейтілді.
Қағидаларға сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Қағидалардың талаптарына сәйкес, қызметтерді, тауарларды жеткізуші өз міндеттемелерін бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы жеткізуші жосықсыз деп жарияланады.
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам № 76 Санитариялық қағидаларда бекітілген нысанға (Санитариялық қағидаларға 9-қосымша) сәйкес тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.
Қағидаларға сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Осы Әдістемелік ұсынымдар балаларды тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізудің, Комиссиялардың қызметін бақылаудың бірыңғай тәртібін енгізуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет