Білім беру ұйымдарындағы ас блогтары жөніндегі
жаднама
1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы
Мектептегі асханалар мен ас блоктары, мектепте тамақтандыру қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік объектілері (субъектілері) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектіде қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуға тиіс.
2. Ыдыстарға, бөлшектеу мүкәммалына, жабдыққа және жиһазға қойылатын талаптар:
Тамақтану объектілерінде олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы және олардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары (сертификаттары) бар, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жабдық (оның ішінде тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға (дайындауға) және өткізуге арналған автоматтар (аппараттар), сусындар дайындау жөніндегі аппараттар) пайдаланылады. Жарамды күйдегі тиісті бақылау-өлшеу аспаптары пайдаланылады.
Жарықтары, сынықтары, жиектері сынған, пішіні өзгерген, эмалі зақымдалған ыдыстарды пайдалануға, сондай-ақ бір рет қолданылатын ыдыстар мен бір рет қолданылатын асхана аспаптарын қайта пайдалануға жол берілмейді.
Алюминий және дюралюминий ыдыстары тағамды дайындау және қысқа мерзімді сақтау үшін пайдаланылады.
Шикізат пен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөніс, көк шөп, ет, сүт өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері, аспаздық, ұннан жасалған аспаздық, кондитерлік өнімдер) бөлшектеу үшін беті тегіс, сынықтары мен жарықтары жоқ жеке таңбаланған бөлшектеу мүкәммалы пайдаланылуы тиіс.
3. Ыдыстарды, жабдықтарды жууға және күтіп-ұстауға қойылатын талаптар:
Тазалау, жуу оның ластануына қарай және жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Өндірістік үстелдер жұмыс соңында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.
Жабдықтарды пайдалану, тазалау, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тоңазытқыш камералар мен жабдықтар ластануына, қар мен мұздың түзілуіне және қатуына қарай, тамақ өнімдерінен босатылғаннан кейін, тоңазытқышты тамақ өнімдерін жаппай орналастыруға дайындау кезеңінде, зең анықталған кезде және сақталған тамақ өнімдері көгерген кезде тазартылуы, жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.
Ыдыстарды, асхана аспаптарын, жайпақ табақты, мүкәммалды және көп айналымды көліктік қаптаманы (ыдысты) жуу процесі № 16 Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс күнінің соңында ыдыс-аяқ жуатын машина болмаған кезде ыдыстарды, асхана аспаптарын, жайпақ табақтарды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу арқылы қолмен жуу жүргізіледі.
4. Жинау мүкәммалына қойылатын талаптар:
Жинау мүкәммалы (тазылар, шелектер, щеткалар, шүберектер) таңбалануы және жеке (арнайы) үй-жайларда, олар болмаған жағдайда арнайы шкафта сақталуы тиіс. Жинау аяқталғаннан кейін ауысымның, жұмыс күнінің соңында барлық жинау мүкәммалы жуу құралдарын пайдалана отырып жуылады, дезинфекцияланады, кептіріледі.
6. Қойма үй-жайларына қойылатын талаптар:
Қойма үй-жайлары мен тоңазытқыш камералары температура мен ылғалдылықты бақылауға арналған аспаптармен, стеллаждармен, тауар қойғыштармен жабдықталады. Тамақ өнімдерін сақтау стеллаждарда, тұғырықтарда, тауар қойғыштарда көзделеді. Тамақ өнімдерін еденде сақтауға жол берілмейді.
7. Тамақ өнімдерін қабылдауға қойылатын талаптар:
Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдауды объектіде сақталуы тиіс олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асырады. Тез бұзылатын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы бекітілген нысанда жүргізіледі (№76 Санитариялық қағидаларға 9-қосымша).
Мынадай: қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, өнімнің қауіпсіздігін растайтын, оның ішінде техникалық регламенттерде көзделген сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ; сапасыздығының айқын белгілері (бүлінуі, бұзылуы, ластануы) бар; таңбалауда көрсетілген дайындаушы берген ақпаратқа сәйкес келмейтін; белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен; таңбалануы жоқ немесе таңбалауда сақтау шарттары туралы мәліметтері жоқ, немесе сақтау шарттары таңбалауда және (немесе) тауарға ілеспе құжаттамада көрсетілген, оны сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимдеріне сәйкес келмейтін; тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған орамдағы; ашылған, герметикалығы бұзылған, бүлінген, ластанған орамадағы; жәндіктердің, кеміргіштердің болған іздері бар; сондай-ақ тамақ өнімдерінің өзінде жәндіктер мен кеміргіштердің болуы анықталған; ветеринариялық сәйкестендіру белгілері жоқ (тұтас еттерге, жарты еттерге, еттің төрттен бір бөлігінде, заңнамада осындай бірдейлендіру көзделетін жануарларды сою өнімдеріне арналған таңба); өнеркәсіптік емес (үйде) дайындалған, жылумен және (немесе) өзге де өңдеуге ұшыраған тамақ өнімі болып табылатын; қолдануға тыйым салынған және шектеулері бар тамақ қоспалары, хош иістендіргіштер, ингредиенттер және т. б. бар азық-түлік (тамақ) шикізаты; тасымалдау (сақтау) шарттары мен режимі бұзылған тамақ өнімдерін қабылдауға және өндірісте пайдалануға жол берілмейді
Қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру кезіндегі шектеулердің толық тізбесі № 16 Санитариялық қағидалардың 82-тармағында айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |