Балалардың тамақтану сапасын
мониторингілеу жөніндегі комиссиялардың мониторингілеуді
жүзеге асыру тәртібі
1. Балалардың тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссия (брокеражды комиссиясы) (бұдан әрі – Комиссия) сапалы, теңгерімді тамақтануды ұйымдастыруды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде №76 санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2.Комиссияның міндеттері:
1) ас блогында (асханада):
- жұмыстың ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
- тамақ өнімдерін дайындау технологиясын және оны орындау мерзімдерінің сақталуын;
- балалардың негізгі қоректік заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне тағамның сәйкестігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауын бақылау;
2) Тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобына (бұдан әрі – Ведомствоаралық сараптама тобы) тамақтануды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссия өз құзыретiнің шегiндегi функцияларды адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, адалдық және ашықтық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Комиссияның төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады. Комиссияның құрамына медицина қызметкері, білім беру объектісінің әкімшілігінің мүшелері, қоғамдық тамақтану пунктіндегі (асханадағы) өндіріс басшысы немесе көрсетілетін қызметті беруші, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдері міндетті түрде енгізіле отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 адам, оның ішінде осы білім беру объектісінің ата-аналар комитетінен кемінде 3 адам болуы тиіс. Комиссияның жекелеген мүшелерінің болмауы оның қызметіне кедергі болып табылмайды.
Комиссияның құрамын жыл сайын жаңартып отыру ұсынылады.
5. Комиссия қызметінің алгоритмі:
Күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты адам:
- бекітілген нысанға сәйкес дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіп, аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау тізіліміне жазбалар енгізеді (№ 76 Санитариялық қағидаларға 9-қосымша).
Комиссия апта сайын:
- пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына (тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы жеке папкада сақталуын);
- ас мәзірі құрамының дұрыстығына;
- тамақтану сапасын мониторингілеу актiсiн ресiмдей отырып, ас блогы қызметкерлерін және (немесе) көрсетілетін қызметтің өнім берушісін алдын ала ескертпей тамақтану сапасына (оның iшiнде дайын тағам порциясының массасы) мониторинг жүргізеді.
Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және оны интернет-ресурсында орналастыру арқылы ақпарат түрінде ресімделеді.
Әр жылдың мамыр, қаңтар айларында Комиссия қызметінің қорытындылары жалпы ата-аналар жиналысында қаралады.
Комиссия:
- негізгі өнімдерді дайындау кезінде, мерзімді түрде қатысуы;
- тағамдардың шығымдылығын (порция салмағын), дайындалған тағам көлемдерінің бір порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін тексеруі;
- органолептикалық бағалау нәтижелерін (№ 76 Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес) бекітілген нысандағы Тамақтар мен аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына енгізе отырып, дайын өнімдерге (тамақ пен аспаздық өнімдердің, ұннан жасалған кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері – сыртқы түрі, құрылымы, түсі, иісі және дәмі; жартылай фабрикаттар – сыртқы түрі, құрылымы, түсі және иісі бойынша) органолептикалық бағалау жүргізуі, Комиссия мүшелерінің жеке қол қоюларымен растауы;
- органолептикалық бағалауды жүргізу кезінде технологиялық карталарға сәйкес тамақтар мен аспаздық өнімдерді дайындау технологиясы мен сапасына қойылатын талаптарды басшылыққа алуы;
- өз міндеттерін арнайы таза киіммен (халат, комбинезон, бас киім, аяқ киім және т.б.) орындауы қажет.
Комиссия қызметінің нәтижесі:
1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілген тексеру нәтижелерімен расталған жағдайда, көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің (бар болған жағдайда) кінәсінен балалар, ересектер уланған жағдайда онымен Шартты дереу бұзу және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабына сәйкес өнім берушіні жосықсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз жолдау;
2) Комиссия бұзушылықтарды анықтаған кезде:
- көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне (бар болған жағдайда) және білім беру ұйымының басшысына анықталған бұзушылықтар туралы хабарлайды;
- 1 (бір) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жоспардан тыс тексеруді бастау үшін тексеру актісімен, растау материалдарымен анықталған бұзушылықтар көрсетілген өтінішті жолдайды;
- эпидемиологиялық тұрғыдан сипаты мен маңызына қарай, 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын бұзушылықтарды жоюдың белгілі бір мерзімдерін ұсынады;
- Ведомствоаралық сараптама тобына жүгінуге құқылы.
3) бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, Комиссия:
- анықталған бұзушылықтар туралы көрсетілетін қызметті берушіге (болған жағдайда) және білім беру ұйымының басшысына хабарлайды;
- жоспардан тыс тексеруге бастама жасау мақсатында тексеру актілерін, растайтын құжаттарды (фото-, бейнематериалдар,) қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне өтінішті жібереді;
- 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ведомствоаралық сараптама тобына ақпаратты жібереді;
- өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 бірлескен бұйрығымен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тексеру парақтарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінен қайтадан жоспардан тыс тексеру нәтижелерін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс істеп тұрған көрсетілетін қызметтің өнім берушісіне қатысты (бар болған жағдайда) шартты бұзу және оны жосықсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз береді;
- сот шешімі шыққанға дейін тамақ сапасын күн сайын бақылауды ұйымдастырады.
Комиссиялардың қызметін талдауды және білім алушыларды тамақтандыруды тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган және Ведомствоаралық сараптама тобы жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |