Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Satybaldin

Key words: science, innovative activity, innovative development, technology, technological policy.
1
ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі 
Email: ieconomkz@gmail.com, ORCID iD: https://orcid.org/0000-0001-7421-4472 
2
ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының Бас ғалым хатшысы, экономика бойынша философия докторы
(PhD) Email: economy.secretary@gmail.com, ORCID iD: https://orcid.org/0000-0002-5339-9014
3
э.ғ.к., Инновациялық гуманитарлық Тараз университеті
Кіріспе
Инновациялар және жаңа технологиялар 
мемлекеттің 
экономикалық 
дамуының 
негізгі элементі болып табылады. Бұны қазір 
әлемдік тәжірибе дәлелдеді, дамыған елдер 
инновациялық жаңа өнімді жасау мақсатында 
ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін 
қолдану арқылы экономикалық дамуда 
айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жалпы 
инновациялар – бұл қоғамдық деңгейдегі 
өмір сүру үрдісінің негізгі қажеттіліктерін 
қамтамасыз етуге бағытталған адамзаттың 
прогрессивті 
ғылыми 
жасалымдарының 
нәтижелері болып табылады. Инновацияларды 
жасау және тәжірибеге енгізу елдің бәсекеге 
қабілеттілігін және экономикалық өсу деңгейін 
анықтайды. Әлемдік нарық күннен күнге 
өндірілетін өнімдердің деңгейі мен сапасына 
жоғары талаптар қоюда, осыған орай бұл 
үрдістің нәтижесі ретінде инновациялық 
қызметтің көптеген бағыттары пайда болуда. 
Бүгінгі таңда әлемдік жоғары техно-
логиялық нарықта бәсекелестік салдарынан 
өндірілетін инновациялық өнімдердің әртүрлі 
бағыттары бойынша бірнеше көшбасшы 
елдер топтары анықталды. Қытай, Сингапур, 
Оңтүстік Корея және Оңтүстік-Шығыс 
аймақтың бірнеше елдері электроника, 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


10
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
компютерлік және телекоммуникациялық 
техникаларды экспорттайтын елдер болып 
табылады. АҚШ, Франция, Германия жоғары 
дамыған елдер бола тұра химиялық өндіріс, 
қару жарақ және ауыр машина жасау өндірісі 
салаларында көшбасшылыққа ие. Европа елдері, 
мысалы, Белгия, Швейцария және Германия 
биотехнологиялық және фармацевтикалық 
өнімдерін өндіру мен экспорттауда жетекші 
орындарға ие. Экспорттағы ғылыми сыйымды 
өнімдердің жоғары үлес салмағы барынша 
дамыған елдерге тиесілі. 
Қазіргі таңдағы 
Қазақстан Республикасының рухани-мәдени 
жаңаруы 
және 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуы жолындағы жаңа бастамаларының 
барлығы жаңа білімге негізделуде, яғни, 
ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін 
қолдана отырып дамуды көздейді. Еліміздің 
экономикалық дамуының негізгі бағыттары 
«Қазақстан - 2050» қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында 
және Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – 
болашаққа бағдар» атты мақаласында жан-
жақты айқындалып белгіленген болатын
[1]. 
Әрине бұл мақсаттарға жету жаңа білімге, 
жаңа технологияларға, яғни, инновацияларға 
бағдарлануды қажет етеді.
ХХІ ғасырдың келуімен Қазақстан 
инновациялық дамуға көшкен болатын. 
Дүниежүзілік 
экономикалық 
форум 
классификациясына 
байланысты 
бүгінгі 
таңда Қазақстан инновациялық экономикаға 
ауысуды бастаған елдердің екінші транзиттік 
тобына жатады [2]. Бұл көрсеткіш Қазақстанда 
соңғы 
онжылдықтарда 
шикізаттық 
экономика бағытынан арылып экономиканың 
инновациялық даму жолына ауысуы қажет 
екендігі жайлы айтылып келе жатқандығын 
көрсететін 
факты 
болып 
табылады. 
Инновациялық 
қызметті 
белсендендіру 
мақсатында 2010 жылдан басталып 2019 
жылға дейін екі кезеңнен тұратын Үдемелі 
индустриялық-инновациялық 
дамудың 
мемлекеттік бағдарламасы жұмылдырылған 
және де осы бағдарламаны жүзеге асыру 
мақсатында жасалған көптеген бағдарламалар 
бар 
[
3]. Технопарктер түріндегі иннновациялық 
жүйенің жаңа элементтері қалыптастырылды, 
Назарбаев Университеті – секілді жаңа типтегі 
жоғары оқу орны құрылды, жаңа кластерлер 
дами бастады.
Айтылғандардың бәрі Қазақстанның 
инновациялық дамуының тетіктерін әлі де 
жетілдіру қажеттілігінің сақталып тұрғандығын 
айтады, әсіресе инновациялық саясаттың 
нақты шараларына бағдарлануды көздейді. 
Осы жерде келесі үш мәселені ескеру қажет: 
біріншіден, бұл елдің жалпы даму стратегиясы, 
екіншіден, бұл инновациялық саладағы жалпы 
қалыптасқан жағдай және оның өзгеруінің 
мүмкін болатын тенденциялары, үшіншіден, 
бұл дамудың жаһандық парадигмасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет