15
/ Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
қарқындылығының деңгейі 7%-дан асатын
салалар жатады. Орташа жоғары салалар үшін
бұл деңгей 2-7% шамасында, орташа төмендер
үшін – 0,5-2%, төмен технологиялық салалар
үшін –0,5%-дан аз.
Елдер мен өңірлердегі
салалардың ғылыми сыйымдылығының қазіргі
жағдайы біршама өзгеше болуы мүмкін.
Негізгі
мазмұндарды,
мақсаттарды
және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін
құралдарды талдау нәтижелері олардың өзара
байланысты және өзара тәуелді екендіктері
жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Экономиканы инновациялық жаңғырту саясаты
сандық және сапалық сипаттамаларға әсер
етеді, ал қалыптасушы ғылыми-техникалық
әлеует (ресурстар,
бағыттар және қызмет
түрлері), оларды алға қойылған ұзақ мерзімді
мақсаттарына қарай өзгертеді. Ғылыми-
техникалық әлеуеттің өзі аймақтардың
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
экономикада, ең алдымен өнеркәсіп салаларында
қолдануының жағдайы мен мүмкіндіктерінің
деңгейін
көрсетеді.
Ғылыми-техникалық
прогрес жетістіктерін игеру үрдісі әдетте елдің
экономикалық дамуының жалпы стратегиясына
шоғырланады,
сондай-ақ,
шаруашылық
практикаға жаңа идеялармен жасалымдарды тез
әрі тиімді қосуды қамтамасыз ететін аймақтық
тетіктерді және жаңа енгізілімдердің ұлттық
жүйесін қалыптастыру үрдісінде
көрініс
табады [31]. Өнеркәсіптік кәсіпорындар жаңа
енгізілімдердің ұлттық жүйесінің ядросы болып
табылады және олар нарықтық өзгерістерге
жауап беріп отыруы керек, сондай-ақ, әртүрлі
әлеуеттерге ие инновациялардың үздіксіз
түрлерін игеру арқылы өз бетінше дамып
отыруы керек. Мұны ғылыми-техникалық және
өндірістік жүйелердің әртүрлілігі
жағдайында
жүзеге асыру мүмкін емес. Сол себепті,
нақты үйлестірілген өнеркәсіптік саясатсыз
инновациялық саясатты жүзеге асыру тиімді
болмауы мүмкін, өйткені өнеркәсіптік саясатты
жүзеге асыру барысындағы көптеген шаралар
ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
игеруге алғашқыда тікелей қатысы жоқ сияқты
болып көрінгенімен оған жанама түрде әсер
етуі мүмкін.
Бір
жағынан инновациялық саясат
қоғамдық санаға түсінікті және қоғам
қабылдайтындай
болуы
керек.
Қоғам
мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру
деңгейіне айтарлықтай әсер етуі керек, сондай-
ақ, қоғамның мәдени және білім беру деңгейіне
сәйкес болуы қажет. Бұндай тәсілдердің сипаты,
инновациялық және өнеркәсіптік саясаттың ел
дамуының әлеуметтік-экономикалық саясаты
шеңберінде қалыптастырылуы болып табылады.
Бұл экономиканың тұрақты және бағдарлы
дамуын,
оның теңгерімділігін, әлеуметтік
қорғалуын және экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көп жағдайда экономиканы
инновациялық
жаңғырту саясатын жүзеге асыру әдістемесі
мен тәсілдері елдің (қоғамның, аймақтың,
кәсіпорынның)
әртүрлі
деңгейлеріндегі
қалыптасқан басқару және ұйымдастыру
жүйелеріне
байланысты
анықталады.
Сондықтан
әлеуметтік-экономикалық
жүйенің белгілі бір мақсаттарға жетуі қоғамда
қалыптасқан
басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымына
және
ұйымдастырушылық
мәдениетке өзгерістер енгізу қажеттілігімен
байланысты болып табылады.
Қорыта айтқанда, инновациялық саясат
ғылыми-техникалық
және
өнеркәсіптік
саясат араларында байланыстырушы рөлге
ие, ал ғылыми-техникалық, инновациялық
және
өнеркәсіптік
саясаттарды
жүзеге
асыру
құралдары
мен
элементтерінің
органикалық қосылысы өзекті әлеуметтік-
экономикалық
мәселелерді
шешуге
бағдарланған инновациялық даму тетігінің
ұйымдастырушылық-экономикалық
негізін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: