ЖІӨ-дегі үлесі, %.
Егер де уақыт өте өзінің білім және зерттеу
әлеуетін арттырып отырмаса, алдыңғы қатарлы
шетелдік технологиялардың сәтті трансфертіне
бейімделу
мүмкіндіктері
азая
бермек.
Инновацияларды бейімдеуге бағдарланудың
салыстырмалы
түрде
жоғарылығы
қазақстандық кәсіпорындардың қызметінде
«ашық инновациялар» үлгісі элементтерінің
пайдаланылуын
дәлелдейді.
Үрдістік
инновацияларға қажеттілік көп жағдайда
ұйымның өз ішінде туындайтынын атап өткен
жөн, ұйым өзінің өндірісті ұйымдастыруды
жетілдіруге және оның технологиялық
деңгейін арттыруға қатысты қажеттіліктерін
қанағаттандыруға керекті зерттемелерді жүзеге
асырады. Мұнда, атап өткендей, үрдістік
инновациялар
өнімдік
инновациялармен
бірдей жоғары коммерциялық әсер бере алады,
себебі еңбек өнімділігінің өсімі жетілдірумен
немесе түбінде өндіріс шығындарын, ал
келешекте өнімдік инновациялардың бағасын
төмендетуді қамтамасыз ететін өндірістік
үрдістің технологиясын түбегейлі өзгертумен
байланысты. Көріп отырғанымыздай, үрдістік
инновацияларды енгізу өндіріс шығындарын
үнемдеуге, кірісті арттыруға және еңбек
өнімділігінің өсіміне тікелей ықпал етеді,
ал өнімдік инновациялар бәсекелестердің
алдында
артықшылықтарды
қамтамасыз
етудің, тиімді бағалар қою мен нарық үлесін
арттырудың сенімді құралы ретінде көрініс
табады. Аталған инновациялардан ең жоғарғы
пайданы өндірушілер көреді, себебі үрдістік
инновациялар өнімге сұраныстың және
сатылым көлемінің артуына негізделеді.
Өнімдік
инновациялардың
нәтижесі
нарықта жаңа өнімнің пайда болуымен
сипатталады, ал үрдістік инновацияның
нәтижесі – өндіріске жаңа технологияны енгізу.
Өндірістегі технологиялық инновацияларға
шығындардың құрылымын талдау 2010 жылға
дейін үрдістік инновацияларға шығындардың
басым болғандығын көрсетті. Тек 2011 жылы
ғана шығындардың ара-қатынасы өнімдік
инновацияларға қарай ауысты, осылайша 2012
жылы өнімдік инновациялардың үлесі
55,3%-
ды құрады, себебі 2010 жылы ол 7,8% құраған
болатын (сурет - 2).
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26
19
/ Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
0,0
200 000,0
400 000,0
600 000,0
800 000,0
1000 000,0
1200 000,0
1400 000,0
1600 000,0
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
Барлығы
Өнімдік инновациялар
Үрдістік инновациялар
Ескертпе - [36] дереккөзі негізінде автор құрастырған.
Сурет 2 – Қазақстан өнеркәсібіндегі технологиялық инновацияларға кеткен шығындардың
Достарыңызбен бөлісу: |