Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Satybaldin

Әдебиеттерге шолу
Соңғы бірнеше онжылдықта инновация 
мәселесі 
әлемнің 
көптеген 
елдерінің 
экономисттері мен ғалымдарының назарында. 
Осыған байланысты инновацияға және 
инновациялық қызметті дамытуға жағдай 
жасау мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі 
экономикалық саясаттың басты мәселелерінің 
біріне айналған. Нәтижесінде инновация 
мәселесімен айналысатын көптеген зерттеу 
орталықтары ашылды, мерзімдік басылымдар 
пайда болды. Осыған байланысты инновация 
теориясы жайлы білімді жүйелендіру және 
даму кезеңдерін анықтау қажеттігі туындайды. 
Инновация 
теориясының 
қалыптасуы 
және дамуы барысында инновациялық үрдістің 
мағыналық сипаттамасына байланысты көптеген 
зерттеушілер оны үш кезеңге бөліп көрсетеді. 
Бірінші кезең (1910 – 1970 жж.) инновация 
теориясының іргелі негіздерін қалыптастырумен 
байланысты. Бұл уақытта экономикалық және 
технологиялық салалардағы дағдарыстар және 
циклдардың жалпы теориясы қалыптасқан. 
Экономикалық өсуге инновацияның әсер етуі 
мәселелері, қоғам дамуындағы инновациялардың 
сипаттамалары және рөлі зерттелген. 
Н.Д. Кондратьев конъюнктураның үлкен 
циклдарын қарастырды (Кондратьевтің ұзын 
толқындары), осы циклдардың «жоғарылайтын» 
және «төмендейтін» фазалары мен ғылыми-
техникалық жасалымдардың немесе ғалымдардың 
жаңа ашылымдарымен, ғылыми-техникалық 
революциялардың кезеңдерімен немесе қоғам 
өміріндегі басқа да радикалды өзгерістермен 
байланысын негіздеді [4, 5].
Н.Д. Кондратьев идеясының жалғасын 
австриялық экономист Й. Шумпетер дамытты. 
Шумпетердің атақты «Экономикалық даму 
теориясы» атты еңбегі алғашқы рет 1911 жылы 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


11
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
неміс тілінде шыққан болатын. Кейінірек 1926 
жылы толықтырылған нұсқасы шығып, 1934 
жылы ағылшын тіліне аударылған болатын.
Шумпетер экономикалық ғылымдағы 
экономикалық 
өсу 
мен 
экономикалық 
дамудың аражігін ашып берді. Бұл екі 
түсініктің арасындағы айырмашылықты ол 
келесідей түсіндірді: Экономикалық өсу - ол 
өндірістің ұлғаюы және уақыт өте келе сол 
бір баяғы тауарлар мен қызметтерді тұтыну. 
Экономикалық даму – біріншіден, бұрын белгілі 
болмаған бір жаңа нәрсенің пайда болуы немесе 
басқаша айтқанда инновация [6].
Инновациялардың экономикалық өсумен 
байланысын С. Кузнецте қарастырады (1971 
ж.). Кузнец тарихи дәуірлердің ауысуы идеясын 
дамыта келе, жүз жылда бір рет болатын, терең 
өзгерістерге алып келетін және өндірістің 
жаңа технологиялық немесе экономикалық 
әдісіне ауысуын көрсететін дәуірлік жаңа 
енгізілімдер түсінігін берді. Кузнецтің ойынша 
индустриалдық дәуірдің экономикалық өсуі 
ғылымның үдемелі дамуының нәтижесі болып 
табылады: «заманауи экономикалық өсудің 
негізі болып табылатын технологиялық жаңа 
енгізілімдерді жаппай қолдану, техникалық 
прогрестің негізі болып табылатын ғылымның 
дамуымен тығыз байланысты».
Технологиялық прогрестің көзі нақты 
өндірістік секторлар болып табылады және ол 
әлемнің әртүрлі аймақтарында бір ғасырдан 
жоғары уақыт ішінде әсер етіп дамыды. 
Сондай-ақ, 
технологиялық 
прогрестің 
дамуына олардың техникалық өзгерістермен 
байланысына дамыған экономикалар тарапынан 
болған институтционалдық өзгерістер әсер 
етті. Адамзат білімінің дамуындағы негізгі 
серпілістерді ұзақ уақыт ішіндегі тұрақты 
дамудың доминантты көздері болғандары 
жасады және әлемге көп таралғандарын 
инновациялардың дәуірін қалыптастырушылар 
деуге болады. Экономикалық тарихтағы 
өзгерістердің 
бағыттарын 
экономикалық 
кезеңдерге бөлуге болады және әр кезең өзінің 
экономикалық өсуге әкелген жаңалықтарымен 
сипатталады. 
Ғалымдар 
экономикалық 
кезеңдерді айта келе заманауи экономикалық 
өсу жеке бір экономикалық кезеңді білдіретінін 
айтқан 
[7]
.
Кузнецтің тағы бір негізгі идеяларының 
бірі, технологиялық жаңа енгізілімдер қоғамның 
басқа салаларындағы жаңа енгізілімдермен 
өзара байланысты. Бұл әсіресе дамушы елдерге 
тән, өйткені олардың дамуы сәйкесінше 
өндірістік салада өзгерістерді талап етсе, 
соңынан әлеуметтік және саяси салаларда одан 
да күрделі өзгерістерді талап етеді. 
Б. Твисс экономикалық өсуді қамтамасыз 
етудегі 
инновацияның 
маңызды 
рөлін 
атады [8]. Р. Солоу инновациялар арқылы 
жүзеге асырылатын техникалық прогресс 
экономикалық өсудің негізгі көзі болып 
табылатынын негіздеді. 
Инновация теориясы дамуының жаңа кезеңі 
жиырмасыншы ғасырдың 70 жылдарындағы 
экономикалық дағдарыстың әсерінен пайда 
болды. 
1965 жылы ең маңызды шаралардың бірі 
Сассекс университетіндегі (Ұлыбритания) 
Ғылыми саясатты зерттеу орталығының 
ашылуы болды. Оның негізін қалаушысы 
ағылшын экономисті Кристофер Фримен 
болып табылатын [9]. Орталықтың атауының 
өзі инновацияны зерттеу тенденциясының 
дамуын көрсетеді. Бүгінде К. Фримен заманауи 
инновация теориясының негізін қалаушылардың 
бірі болып саналады, өйткені ол алғашқы болып 
инновацияны интерактивті үрдіс (өзара іс-әрекет 
үрдісі) ретінде қарастыруды ұсынды және 
алғашқы рет 1987 жылы «өзара әрекеттестігі 
және белсенділігі жаңа технологияларды 
шығаратын және пайда болуына себепші болатын 
жеке және мемлекеттік сектор институттарының 
жиынтығы» ретіндегі ұлттық инновациялық 
жүйе түсінігін енгізді. [10]. 
К. Фримен, Дж. Кларк, Л.Суитемен бірге 
жаңа енгізілімдердің диффузиясын және 
технологиялық жүйелер қалыптастырудың 
тұжырымдамасын 
жасады, 
экономикалық 
өсудің қарқыны технологиялық жүйелердің 
қалыптасуына, дамуына және ескіруіне 
байланысты екенін негіздеді. 
Неміс ғалымы Г. Менш экономикалық 
циклдерді жаңа енгізілімдердің циклдарымен 
және жаңа кәсіпорындардың даму фазаларымен 
байланыстырады [11].
Инновация терминінің түсінігін Стэндфорд 
университетінің экономисті Л. Мителканың 
қөзқарасы айтарлықтай өзгертті. Ол инновацияға 
байланысты көптеген сұрақтарды қарастырды
экономикадағы ғылым мен техниканың рөлін, 
өнеркәсіп салаларын зерттеу, технологиялар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет