Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Satybaldin

Әдіснама 
Бүгінгі таңда әлемнің дамыған және 
дамушы елдері әлемдік экономикадағы жетекші 
орындарға ұмтылуда. Қоғамдық ғылымдар 
және экономика саласының ғалымдары мен 
бизнес өкілдері және барлық деңгейдегі 
саясаткерлер 
экономиканың 
бәсекеге 
қабілеттілігін арттыратын және әлемдік 
экономикада көшбасшы орындарды иеленуге 
мүмкіндік беретін негізгі жол – ол экономиканы 
инновациялық дамыту жолы деп сенеді. Осыған 
орай көптеген мемлекеттер экономикасын 
инновациялық даму жолына бағыттап отыр 
және инновациялық дамуды жетілдіру үшін 
әртүрлі ұлттық үлгілер қолданылады [26]. 
Бірақ үлгілердің көптігіне немесе әртүрлілігіне 
қарамастан олар инновациялық үрдістерді 
басқаруда негізгі әдістемелік көзқарастарға 
сүйенеді. Заманауи әдебиеттерде инновациялық 
үрдістерді және оған байланысты теориялар 
мен стратегияларды зерттеуге көп көңіл 
бөлінеді. Бірақ әлі күнге дейін экономиканы 
инновациялық дамытуды басқару үрдісінің 
бірегей әдістемесі қалыптаспаған. Осыған орай, 
инновациялық дамуды реттеуге байланысты 
ғылыми-тәжірибелік білімдерді жүйелендіріп 
жетілдіру қажеттігі туындайды. 
Кез-келген сала дамуының әдістемесі 
оның ғылыми негіздерін құрайды. Мақсатын 
және сол мақсатқа жету міндеттерімен қоса 
объектісі мен субъектісін, осылардың барлығын 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


14
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
жүзеге асыруға қажетті институтционалдық 
әдістемелік көзқарастарды құрайды [27].
Заманауи жағдайда қоғамның барлық 
мақсаттар кешенін жүзеге асыру инновациялық 
дамуымен байланысты екендігі белгілі. 
Дәстүрлі көзқарас бойынша жаңа енгізілімдерді 
жасау және игеру бойынша қоғамның мәселесін 
ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырудың 
әдістері мен түрлеріне басымдық беру арқылы 
немесе өнеркіәсіптік саясат шеңберіндегі 
инновациялық қызметтің міндеттерін қарастыру 
арқылы шешіледі [28]. 
Осы 
жағдайдың 
маңыздылығы 
технологиялық аспектіде жатыр, себебі 
бір жағынан қоғамның алдында тұрған 
экономикалық 
өсу 
мақсаттарының 
нәтижелілігіне және техникалық қол жетімділікті 
қамтамасыз етуге бағытталған, екінші жағынан 
экономикалық тиімді жаңа техниканы жасауға 
және қолдануға бағытталған. Бірақ кез-
келген мәселені жаңа техниканы жасау мен 
тарату арқылы шешу қоғамның азғындауына 
(дегуманизацияға) әкеліп соғады. Сондықтан 
жеке техникалық шешімдерді (экономикалық 
және әлеуметтік) жүзеге асыру барысында 
техникалық жаңа енгізілімдерді жасауға, жүзеге 
асыруға және таратуға мақсатты түрде әсер ету 
қажеттілігі туындайды. 
Технологиялық аспектідегі мәселелерді 
тиімді шешу, көбінесе оның инновациялық 
дамудың басқа аспектілері мен қалай 
және 
қайтіп 
байланысатынына 
қарай 
анықталады. Көп жағдайда бұл қоғамның 
институтционалдық құрылымына жатады және 
оның әлеуметтік-экономикалық үрдістерді 
қалыптастыру, реттеу мен регламенттеу 
арқылы 
қоғамның 
қажеттіліктерін 
қамтамасыз ете алу қабілетіне байланысты 
болып 
табылады. 
Институтционалдық 
құрылым элементтерінің қарым-қатнасының 
тұрақтылығы және бағыттылығы, ең алдымен 
шаруашылық 
тетіктің 
қалыптасқандығы 
(қоғам институттарының арасындағы қарым-
қатынастарды реттеу ережелерінің жиынтығы) 
әлеуметтік институттардың даму деңгейіне 
байланысты. Өз кезегінде институтционалдық 
құрылымдардың және шаруашылық тетіктердің 
тұрақтылығы мен теңгерімділігі экономиканың 
жұмыс істеу деңгейін анықтайды. 
Зертеуде 
қолданылатын 
негізгі 
әдістемелік көзқарастарды қарастырайық. 
Н.Д. Кондратьевтің ұзын толқындар теориясы 
экономикалық 
зерттеулерде 
көптеген 
жалғасымдарын тапқан. Ұзақ мерзімді 
технологиялық даму динамикасын зерттеуге 
ең көп таралған екі көзқарасты бөліп көрсетуге 
болады: технологиялық қалыптар теориясы 
(С. Глазьев) [29] және технико-экономикалық 
парадигмалар теориясы (К. Перес) [30].
Техникалық-экономикалық 
парадигма 
экономикалық даму мүддеге белгілі бір 
технологиялық революцияны қолданудың 
тиімді әдісін көрсететін және қарапайым 
іскерлік тәжірибенің үлгісін анықтайтын 
жалпы 
технологиялық, 
экономикалық 
және 
ұйымдастырушылық 
қағидалардың 
жиынтығын 
көрсетеді. 
Техникалық-
экономикалық 
парадигманың 
құрылымы 
қозғалушы, көтеруші (тасушы) және өзіне 
қабылдаушы салаларды қамтиды. Карлотта 
Перес 
жасаған 
технико-экономикалық 
парадигманың тұжырымдамасына сәйкес ол 200 
жылдың ішінде орын алған 5 технологиялық 
революцияны бөліп көрсетеді.
С. Глазьевтің айтуынша, технологиялық 
қалып – базистік технологиялар мен олармен 
байланысты бірнеше буын құрылғылардың, 
сонымен қатар конструкторлық материалдар, 
энергияны өндіру әдістері және көлік жүйесі
кешені. Ол табиғи ресурстарды өндiруден 
бастап бейөндірістік тұтынуға дейiнгі 
жабық ұдайы өндіріс циклын қамтиды. Бір 
технологиялық қалыпқа кіретін өндірістер 
шамамен бірдей техникалық деңгейге, шикізат 
пен түпкі өнім сапасына қойылатын талаптар, 
жұмыс күшінің біліктілігіне байланысты 
біріктіріледі. 
Технологиялық 
қалыпты 
құрайтын процесстер олардың негізін құрайтын 
техникалық және инженерлік шешімдердің
өндірісті ұйымдастыру принциптерінің белгілі 
бір тұтастығымен сипатталады. Олардың 
кеңеюі конструкциялық материалдардың, 
энергия тасымалдаушылардың тиісті түрлерін 
тұтынуды және өндіруді ұлғайтумен, белгілі 
бір көлік және ақпараттық инфрақұрылымды 
дамытумен қатар жүреді, белгілі бір білікті 
еңбек ресурстарын пайдалануға негізделген 
және бейөндірістік тұтынудың өзіндік түрін 
қалыптастырады. 
Осы 
әдіснамаға 
сәйкес, 
жоғары 
технологиялық салаларға өндіріс көлеміне 
қатысты ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет