Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М


Статистикалық бақылаудың объектісі



бет5/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
annotation153914

Статистикалық бақылаудың объектісі - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Статистикалық бақылаудың объектісі бөлек элементтерден тұрады және оларды нышандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болмайды, сондықтан ол бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады.
Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын объект құрамының бір бөлігі. Бақылау бірлігін анықтау зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алға қойған мақсатына, атқаратын міндеттеріне байланысты.
Статистикалық жиынтық бірлік-жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.
Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу кезінде алғашқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы.
Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері. Статистикалық бланк дегеніміз бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және қажетті мәліметтерді жинауға арналған бет-қағаз. Статистикалық бланктің жекедара және тізімдік түрлері болады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттар жұмыс жабдықтары деп аталады.
Статистика органдары алғашқы мәліметтерді жинауда ұйымның негізгі екі жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау. Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жұмшарлар мен кеңшарлар және басқа да кәсіпорындар өздерінің қызметтері туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында қажетті мәліметтерді тиісті органдарға және статистика органдарына тапсырып отыруы. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса, онда қажетті ақпараттарды жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жүргізіледі. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған объектінің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау жаппай және жартылай болып бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын жиынтық бірліктер толықтай тіркеуге алынады. Ал, жартылай бақылау кезінде зерттелген жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады.
Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолдары бар. Бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын болса, ол тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп аталады. Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау құжаттар арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілі қолданылады. Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді. Тілшілік тәсілмен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет