Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М


Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер



бет6/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
annotation153914

Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
1.Статистикалық бақылау дегеніміз не?
2.Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?
3.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?
4.Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?
5.Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?
6.Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?
3-дәріс. СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТОПТАУ

Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.


Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:
1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.
2.Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.
Статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.
Статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу. Топтаудың мақсаты-жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Статистикалық топтау келесідей түрлкрге бөлінеді: біртиптік, құрылымдық және талдаулық. Біртиптік топтаудың мақсаты-біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау. Ол келесі тәртіп бойынша жүреді:
1.Алдын-ала пайда болған типтерді,сыныптарды өзіне тән сапалықбелгілеріне қарап анықтап, белгілеп қою.
2.Топтау белгілеріне қарай анықтау.
3.Жинақталған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет