Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М


Статистика пәнінің зерттеу әдістері



бет3/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
annotation153914

Статистика пәнінің зерттеу әдістері:

Статистиканың сандық жағы - зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың, процестердің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде көрсету.
Статистиканың негізгі қасиеті-құбылыстар мен процестердің өзгеруі сандық тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау. Сапа - әрбір сандық көрсеткіш өзіне тән ұғым түрінде берілуі. Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар:сандық және сапалық.Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация). Жалпы статистика ұғымы 3 мағынаны білдіреді:
1. Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2. Статистика деп статистикалық тәжірибеге қажетті ережелер мен құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3. Статистика белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процестердің сандық жағын сапа жағымен қарастыратын пән – статистика пәні.
Статистиканың тілі – сан. Ал қоғам – статистиканың қамтитын объектісі.
Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерде зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына сүйенеді, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен жалғасуына байланысты үш сатыдан тұрады:
1.Статистикалық бақылау, яғни алғашқы мәліметтерді жинау сатысы. Мұнда құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Бақылаудың негізгі мақсаты-қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсер ететін фактілерді өздеріне тән белгілеріне қарай анықтау және мәліметтердің толық, нақты, дәл, анық болуын қадағалау.
2.Жиналған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл әдісті қолдану кезінде бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтер өздеріне тән жеке белгілері бойынша топтарға бөлінеді. Бұл кезеңде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері іріленеді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылықтары анықталады, сондай-ақ талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштер есептеледі.
3.Жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Бұл сатыда жинақталған, топталған, өңделген көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Сонымен қатар олардың өзара байланысын анықтайды. Статистикалық мәліметтерге талдау жасау-жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет