Арамшөптер ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін 79,3 пайызға (жаздық бидай), ал мақта түсімін 8,5 есеге дейін төмендетеді.
Келтірілген деректерден, тары бидай мен мақтаға қарағанда арамшөптерден көбірек зиян шегетінін байқауға болады.
Бұдан басқа арамшөптерден көкөніс дақылдары көп зиян шегеді. Мысалы, А.В. Бешанов пен И.И. Әбілғазиевтің зерттеулері бойынша бір шаршы метр жерде 60-75 дана алабота болса, онда сәбіздің түсімі 80-100 пайызға дейін төмендейді.
Арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан тек жекеленген шаруашылықтар, мемлекеттер емес, сонымен қатар дүние жүзінің ауыл шаруашылығы көптеген зардап шегетініне 2-ші кестеде келтірілген материалдар дәлел бола алады.
Кесте 2 Арамшөптерден, зиянды жәндіктерден және әр түрлі өсімдік ауруларынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің төмендеуі
Дақылдар
| Жоғалған өнім |
млн.тонна
|
құны,млрд.доллар
|
Потенциалды өніммен салыстырғандағы пайыз
|
Астық
|
506
|
34
|
35
|
Картоп
|
129
|
5
|
32
|
Қант қызылшасы
|
636
|
6
|
45
|
Көкөністер
|
78
|
6
|
28
|
Майлы дақылдар
|
42
|
5
|
32
|
Жемшөптер
|
8
|
4
|
32
|
Осы 2-ші кестеде клтірілген деректер дүние жүзіндегі астықтың потенциалдық өнімінің 35 пайызы арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен әртүрлі аурулардан жоғалады екен, ал оның ішінде тек арамшөптерден 9,5 пайыз өнім кеміп, оның құны 20,4 млрд.долларға жетеді С.А.Котың айтуынша бұл жоғалған өнім 100 млн. халқы бар мемлекетті бір жыл асырауға жетер еді.
Арамшөптер тек ғана ауылшаруашылық дақылдарының өнімін азайтып қоймайды, сонымен қатар олардың сапасын төмендетеді. Атап айтқанда, бидай дәніндегі ақуыз, майлы дақылдар дәніндегі майдың мөлшері, талшықты өсімдіктердің талшығының сапасы нашарлайды.
2.2 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақта , оларды толық жоя алмаймыз, оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен.
Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі – зор тұқым өнімділігі. Мысалы, кәдімгі гүлтәжінің бір өсімдігі 500 мың дана ұрық, алабота-12 мың, ал қарсұлы 600 дана тұқым береді, яғни арамшөптер дәнді дақылдармен салыстырғанда 5 тен 37 есеге дейін өсімтал келеді (кесте 3)
Кесте 3 Кейбір арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы
(А.Н.Киселевтің деректері бойынша)
Арамшөптердің аттары
|
Бір арамшөп өсімдігінің тұқым саны, дана
|
Жусан жапырақты ойраншөп
|
5000
|
Шырмауық тараны
|
1100
|
Алабота
|
100000
|
Кәдімгі гүлтәжі
|
500000
|
Көптеген арамшөп тұқымдарының әр түрлі икемділігі арқасында олар кеңістікке түрлі жолдар арқылы (жел, су, құстар, малдар, жолкөлігі және басқа) жеңіл және тез тарайды. Мысалы, күрделі гүлдер тұқымдастырна жататын арамшөптер (егістік калуен, бақ-бақ) ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыз бен тікенді сарысояу тіркестері мен ілгіштері арқылы таралады.
Т.Клингман мен Ф.Эштонның қабарлауы бойынша егістік шырмауықтың тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін бұзауларда 22,3 пайыз, жылқыларда-6,2 пайыз, қойларда-9,0 пайыз, шошқаларда-21,0 пайыз, балапандарда-0,0 пайызға дейін тіршілік қабілетін сақтайды екен. Мұндай арамшөп тұқымдары малдың жас қиы арқылы таралуы мүмкін. Сондықтан, жас қиды органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болмайды.
Ал қарсұлының бұратылған иінді қылтанағы топырақ дымқылданғанда жазылады да, құрағанда бұралып шиырылады. Бұл дәншіктің орын ауыстыруына, тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді.
Арамшөптердің өте бір ерекшелігі – олардың тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі (алабота), итқонақ (күн сәулесіне реакциясы). А.Г.Дояренконың мәліметі бойынша алабота тұқымы жарықта, ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді.
Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады.
Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды.
Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі және жоғарғы температуралар тағы басқа) өте төзімді келеді.
Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі – олардың тұқымдары топырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы. Оны А.Н.Киселев пен Г.А.Чесалиннің зерттеулері анық дәлелдеді. Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1,5 см, ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады.
Көпжылдық арамшөптер әр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор, өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бүршіктер болады. А.И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп, оның ұзындығы 76 метрге, салмағы 1003 грамға жетеді екен, ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сәйкес көрсеткіштері 5997 дана, 170 метр және 690 грамға тең.
Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп-өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді.
Арамшөптер ауыл шаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі. Ол тиімді болу үшін, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау, оларды жоюға әкеп соғады, ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді.
2.3 Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу және олардың өкілдеріне қысқаша сипаттама
Республиканың территориясында 300-ден астам арамшөптер түрлері өседі. Әрине, әр бір арамшөпке қарсы күрес шарасын қолдану мүмкін емес. Сондықтан оларды биологиялық топтарға бөліп жіктеген дұрыс.
Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік немесе аңыздық, тұрғын үй, қора-қопсы маңында өсетін сыпырынды және шабындықтар мен жайылымдықтарда өсетін арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Алайда, мекендейтін орны бойынша арамшөп өсімдіктерінің осы үш тобының арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетікен құлан далада, жайлауда және тіпті аңыздарда да өсе береді. Алабота, гүлтәжі - тұрған үй маңында және ауылшаруашылық дақылдарының егісінде де кездеседі.
Арамшөптер өсімдіктерінің биіктігіне қарай жоғарғы қабаттың (қалуендер, ащы жусан тағы басқалар), мәдени өсімдіктермен бір биікте орналасқан орта қабаттың арамшөптері (шомыр, қарасұлы) және төменгі қабаттың (кәдімгі казтабан, егістік қанатжеміс, кәдімгі жұмыршақ) болып үш топқа бөлінеді.
Төменгі қабаттың арамшөптері көлеңкеге төзімді. Кейде даму жағынан қалыс қалған орта қабаттың арамшөптері төменгі қабатта өседі (итқонақ, кәдімгі гүлтәжі). Олар көлеңкелікке (қараңғылыққа) нашар төзеді және тұқымдық өнімділігін күрт төмендетіп, күшті әлсіреген жағдайда болады.
Арамшөптерді агробиологиялық топтар бойынша жіктеудің өндірістік мәні бар, сондықтан ол ең көп таралған.
Қоректену тәсілі бойынша барлық арамшөптер паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді.
Паразитті деп өсімдік иесі арқылы коректеніп өмір сүретін арамшөптерді атайды. Бұлар фотосинтез процесін жүргізуге бейімділігін жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтанда ограникалық заттар мен суды басқа өсімдік иелерінен сору арқылы алады. Өсімдік иесінің қай мүшесінен коректік заттарды алуы бойынша парзитті арамшөптер екіге бөлінеді. Егер, қоректік заттарды өсімдік иесінің сабағынан алатын болса, онда оларды сабақ арқылы коректенетін паразитті арамшөптер дейді. Бұған жөргемшөптің барлық түрлері жатады. Ал егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдік иесінің тамырынан алатын болса, оларды тамыр арқылы қоректенетін паразитті арамшөптер дейді.
Паразитті арамшөптердің өкілдері және оларға қысқаша сипаттама
Жөргемшөп, арамсояу (Повелика полевая, Cuscuta arvense). Шырмауық тұқымдасына жататын біржылдық паразиттік арамшөп. Сабағы сары түсті, жіп тәрізді, жуандығы 0,8 мм. Бұл арамшөптің тамыры мен жапырағы болмайды. Өзіне керекті коректік заттарды басқа өсімдік иесінің сабақтарына жабысып сорып алады. Арамсояу тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Тұқымның мөлшері 0,9-2 мм. Арамсояудың бір өсімдігі 20 мыңға дейін тұқым береді. Топырақта өнгіштік қабілетін 4-5 жылға дейін жоғалтпайды. Жер көктемде 20-30 градусқа қызғанда ол 4 см тереңдігінен жақсы өніп шығады. Егер, ылғал жеткілікті, ал температура қолайлы болса, топырақтағы тұқым үш аптаның ішінде толық өніп шығады. Көктеп шыққан өркен екі апта бойы тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 4-5 см-ге дейін өсіп үлгереді.
Бұл арамшөп сабақ кесінділері арқылы вегетативтік жолмен көбейе алады. Егер, сабақ кесінділерінің ұзындығы 12-15 см шамасында болса, ол өзінің өніп-өсу қабілетін толық сақтайды. Арамсояу карантинді арамшөптер қатарына жатады. Қазақстанда оның екі түрі басым кездеседі. Бірі, осы сипаттама беріп отырған егістік арамсояу, ал екіншісі-құлмақ түсті арамсояу.
Бұл арамшөп негізінен Қазақстанның оңтүстік–шығыс аймағында кең таралған. Ол әсіресе қант қызылшасы, темекі, картоп, жоңышқа, беде және басқа дақылдардың егістіктерін ластайды.
Күнбағыс сұңғылшы (Заразиха подсолнечниковая, Оговаnсhе сumаna). Сұңғыла тұқымдасына жататын біржылдық паразитті арамшөп. Сабағы қоңыр-сары түсті, түбіне қарай жуандай түседі, биіктігі жарты метрге дейін жетеді. Бұл арамшөп тұқымы арқылы көбейеді. Жемісі қауашық, онда 2000 -ға дейін тұқым пайда болады. Бір өсімдігі 100-160 мыңға дейін тұқым бере алады, ал бір гектардағы тұқым саны 90 млн. данаға жетуі мүмкін. Тұқымы ұсақ (мөлшері 0,5-0,45мм) және жеңіл, сондықтан желмен және сумен кеңістікте тез тарайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 5-10 жыл бойы сақтай алады. Жер 20-25 градусқа қызғанда өніп шығады. Сұңғыланың көктеуі күнбағысты сепкеннен соң 1,5-2 айдан кейін басталады. Ең алдымен тамыр жүйесі дамыған кезде топырақтың төменгі қабатында жатқан тұқымдар өніп шыға бастайды, бірақ олардың саны аз. Сұңғыла темекі, көкөніс, бау-бақша және басқа дақылдарды күшті ластайды. Картоп, сәбіз қырыққабат (капуста) дақылдарын онша ластамайды, ал дәнді дақылдарды, сарымсақты, пиязды, ас қызылшасын мүлде зақымдамайды. Бұл арамшөпте фотосинтез процесі жүрмейді, сондықтан ол қоректік заттарды өсімдік иесінен сору арқылы алып өмір сүреді. Сұңғыла шырынын сорып алған өсімдік - иесі әлсіреп, аяғында қурап қалады. Сұңғыламен ластанған дақылдардың өнімі 50-70 пайызға дейін кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: |