Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
40hadis

Хадиске түсініктеме:
Дәл осы әңгіме Ислам діні келмей тұрып, Мәдина қаласында 
болған деген әңгіме бар. Сондай-ақ, бұл әңгіме Йеменнің бір ау-


77
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
ылында кейбір деректерде Меккеде болған деген де нұсқалары 
кездеседі.
Бірінші әйелдің айтқысы келгені мынадай болатын:
Күйеуімнің кейбір әрекеттерін ұнатпаймын. Ол өзі жүрген 
бір тәкаппар. Мұнысымен қоймай жағымсыз мінезі де бар.
Екіншісі: күйеуім жайлы тілмен айтып жеткізе алмаймын. 
Ол жайлы айтып, ажырасып жатар жайым жоқ дегісі келген.
Үшіншісі: күйеуінің өте ұзын екенін айтқан. Оның кемшілі-
гін айтар болсам онымен ажырасуыма тура келеді. Ал айтпасам 
бәз баяғы қалыпта қаламыз деген.
Төртіншісі: күйеуін мақтаған. Күйеуімнің түсінігі мол, өте 
нәзік, әдепті жан. Ол мені ешқашан ренжіткен емес. Екеуміз 
бір-бірімізді жақсы түсінеміз дегісі келген.
Бесіншісі: ол да төртінші әйел сияқты күйеуін мақтаған. 
Көп ұйықтайтын болғандықтан оның ұйқысын аңға ұқсатқан. 
Соғысқа қатысар болса арыстандай алысатынын айтқысы кел-
ген.
Алтыншысы: күйеуінің тойымсыз қомағай екенін айтып 
шағымданған. Қиындыққа қол сұқпайды деген сөзі арқылы өз 
бойындағы ауыруының қауіпті екенін біліп еш тиіспейді деп 
мақтаған. Алдымен жамандап артынан мақтаудың себебі ол 
әйел күйеуіне кемшілігіңді айтпаймын деп ант берген екен.
Жетіншісі: күйеуінің қолынан ештеңе келмейтіндігін 
айтқысы келген. Сондықтан үйдегі барлық іс менің мойнымда.
Сегізіншісі: күйеуінің халықтың арасында жарасымды киім 
киіп, хош иіс сеуіп жүретіндігін әрі әдепті екендігін айтқысы 
келген.
Тоғызыншысы: күйеуінің өз құрбылары арасында беделді, 
ұзын бойлы екенін сонымен қатар қонақжай адам екенін айтып 
мақтанған.
Оныншысы: күйеуінің үйінде түйе асырайтындығын айтқан. 
Қонақтар келер болса, оларға түйенің еті мен сүтін тарту етіп 
көңілдерін аулап ризалығын алады деген.


78
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Он біріншісі: ол әйелдің әңгімесіне қарағанда тау басындағы 
шопанның қызы екендігі байқалады. Кейіннен ол аты мен түйесі 
бар Әбу Зәрға тұрмысқа шығып, айтқаны екі етілмей орында-
латын болған. He ішем, не кием демей өмір сүрген. Уақыт өте 
Әбу Зәр онымен ажырасқан. Сонымен ол әйел басқа бір кісімен 
тұрмыс құрған. Бірінші күйеуін ұмыта алмаған Умму Зәрдің 
көзін екінші күйеуінің сыйы еш тойдыра алмапты.
Он бір әйелдің оқиғасынан кейін Хазіреті Пайғамбардың 
Айша анамызға: «Мен сен үшін Умму Зәрдың Әбу Зәрі 
сияқтымын» деп айтып, оның көңілін аулап, екеуінің арасының 
тату-тәтті екендігін білдірген. Хазіреті Пайғамбардың осы 
сөзіне Айша анамыз: «Ата-анам сен үшін құрбан болсын! Сен 
мен үшін Әбу Зәрден де артықсың» деген.
Бұл хадистен мынадай нәтижелер шығаруға болады:
1. Танымайтын әйелдің ерекшеліктерін айтуға болады. Та-
нитын әйелдің әдемілігін айтуға болмайды.
2. Ер кісі әйелінің дандайсып кетпейтіндігіне сенімді болса, 
оны жақсы көретіндігін бетіне айтуға болады.
3. Исламға кереғар болмаса, мәртебелі кісілерден үлгі-өнеге 
алуға болады.
Әйел адам күйеуінің жақсылығына рақмет айтуы керек. 
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Күйеуінің жасағаи жақсылығына 
рақмет айтпаған әйелге Аллаһ Тағала мейіріммен қарамайды» 
деген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет