69
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
түрлі себебі бар: біреуі күнәнің кешірілуі үшін болса, екінші-
сі, дәрежесінің өсуі үшін. Өйткені дүниедегі қиыншылықтың
көпшілігі
Пайғамбар мен әулиелердің, иман жүзділердің ба-
сына келеді. Екі түрлі жағдайда да мүмин үшін ең қайырлы
сәттердің бірі болып саналады. Өйткені Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.):
«Аллаһ Тағала қандай да бір құлына қайыр тілесе,
оның жазасын дүниеде береді, ал жамандық тілесе оның жа-
засын қиямет күні толық беру үшін дүниеде бермейді» деген.
Аллаһ Тағала жер бетінде жаратқандарының ішінде адам ба-
ласына ерекше үлкен дәреже берген. Мұншалықты үлде мен
бүлдеге орауының бас-ты себебі сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Жұмақтың жаратылуы Аллаһ Тағаланың адамзат баласына де-
ген сүйіспеншілігінің
арқасында болса, тозақты жаратуының
да басты себебі сол сүйіспеншілігінің айқын көрсеткіші.
Сондықтан да Алла Тағала сүйікті құлдарының күнәлары ке-
шірілуі үшін бастарына бәлекет жібереді. Олар мұның сынақ
екенін түсініп, сабырлылық танытып, қолдан келгенше шыдап
бағады. Олардың мүндай әрекеттеріне Аллаһ Тағала разы бо-
лып, жұмаққа кіргізеді. Ал сәл нәрсеге шыдамсыздық танытып,
бей-жай күйге түскендерді тозаққа жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: