Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет39/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
40hadis

��������������������
Теңдік емес, әділет
Мағынасы:
Әбу Бәкірдің (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): 


72
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
«Бар жұмысты әйелге тапсырған халық ешқашан көңілдері жай 
таппайды (оңбайды)» - деген 
(Бұхари, Мәғази 82; Фитән 18).
Хадиске түсініктеме:
Әділеттілік қайда да болса дұрыс, ал озбырлық – жиіркеніш-
ті іс. Әділдік орнаған әрбір қоғам әрқашан бақытты әрі адамша 
өмір сүрудің ең тамаша үлгісін көрсете алады. Ал озбырлық би-
леген қоғам ешқашан бақытқа жетпек емес. Біз көбінесе әділдік 
пен озбырлықтың орнын ауыстырып жібереміз. Өзгенің мал-
мүлкіне қол сұғып, қиянат жасағанымызды әділдік деп санай-
мыз. Негізінде әділет пен озбырлық екеуі екі басқа ұғым. Ис-
лам ғалымдары әділетті: «Бар нәрсені лайықты орнына қою» 
десе, озбырлықты: «Бір нәрсені лайықты орнына қоймау» деп 
қысқа әрі нақты анықтамасын берген. Ислами қоғамда әйелдің 
ең маңызды әрі лайықты орны жанұясы. Оны жанұясынан 
алып өзге жерлерге қою арқылы оның құқығын бердік дей ал-
маймыз, керісінше оның құқығына қол сұққандық боламыз. 
Мәселен, біз жылқыға ет, итке шөп бермейтін болсақ олардың 
құқығына қол сұққандық болмаймыз. Өйткені, аттың тамағы 
шөп, ал иттің тамағы ет болып есептеледі. Аттың ән айтылуы 
да оған тағылған кінә емес. Ат, жүгіретін жер таппаса ондай 
жағдайда ол нағыз бейшара. Дәл осылай әйелдің де басшы бо-
лып ел басқармауы оның кемшілігі болып саналмайды. Керісін-
ше әйелдің негізгі қызметі: болашақтың билері мен батырларын 
тәрбиелеу. Оларға осы міндеттерін орындатпау, оның мойны-
на қаңылтырдан медаль таққанмен бірдей. Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) Иран императорының қызы (Боран) мемлекет басшы-
сы болып сайланғандығын есіткенде жоғарыда келтірген ха-
дисті айтып, бұдан былай олардың ілгері дамып өркендей ал-
майтынын алға тартқан. Басқа бір хадисінде: «Егерде сендердің 
бастықтарың ең құрметті, бай әрі жомарт адам болса, сондай-
ақ істеріңді келісім арқылы шешер болсаңдар мұндай жағдай сен-
дер үшін жер беті, жердің астынан әлдеқайда артық болады. Ал 
бастықтары жаман, әрі сараң бай адам болса, сондай-ақ барлық 


73
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
істі әйел адам шешер болса, мұндай жағдайда сендер үшін жер 
бетінде жүргеннен, жердің астында болу әлдеқайда артық» 
деген. Ислам мемлекеттеріндегі әйел құқығы Еуропадағыдай 
болып келеді. Олардың тарихында сауда-саттықпен айналы-
сып, ел басқарғандар әйелдер болған. Әйелдерді осындай істер-
ге араластыру қаншалықты дәрежеде дұрыс. Олар мүндай істі 
ұната ма? Басты мәселе осында.
Әйел психологиясын ғылыми тұрғыдан зерттегенде 
ғалымдар мынадай түжырымға келген: «Негізінде әйелдер 
басқарушы әрі саяси істерді ұнатпайды». Олай болса еркектің 
ісін әйелдердің істей алмауы қалыпты жайт. Ал әйелдердің кей-
бір істерін еркектің істей алмайтынын да мойындаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет