Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет40/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
40hadis

��������������
Күйеулерінің хал-жағдайын айтқан әйелдер


74
Әйелдер тұрғысында 40 хадис


75
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Мағынасы:
Хазіреті Айша (р.а.) анамыз былай дейді: Он бір әйел 
өздерінің арасында отырып күйеулерінің хал-жағдайларын (си-
паттарын) ешқандай жасырмай айтуға келісіпті:
Біріншісі: Менің күйеуім тay басындағы әлжуаз түйенің еті 
сияқты. Tаy да түзу емес қой шығатындай! Ал түйе де семіз емес 
қой алып баратындай! депті.
Екіншісі: Күйеуім жайлы толық, айта алмаймын. Өйткені, 
бастар болсам аяқтай алмай қаламын ба деп қорқамын. Егер ол 
жайлы айтар болсам түк қалдырмай барлығын айтам депті.
Үшіншісі: Күйеуім ұзын бойлы. Ол жайлы айтсам ажырасып 
тынам, үндемейтін болсам баз баяғы қалпымда қалам, дейді.
Төртіншісі: Күйеуім түн сияқты. He суық, емес, не ыстық, 
емес. Одан қорықпайсың да, жалықпайсың да, депті.
Бесіншісі: Егер күйеуім үйде болса момақан, ал түзде болса 
арыстандай. Сенген нәрсесін еш сұрамайды, депті.
Алтыншысы: Күйеуім жейтін болса асайды, ішетін болса 
сіміріп салады. Жатар болса созылып, көрпесін оранып алады. 
Менің жағдайымды түсіну үшін қолғабыс жасамайды.
Жетіншісі: Күйеуім өте жайбасар және маубас. Салақтығынан 
жұмысы жиылып жатады. Барлық, дерт соған ғана берілгендей. 
Тіпті жетпегендей қолына түскенмен басымды ұрып, денемді 
жаралайды.
Сегізіншісі: Күйеуімнің иісі керемет запырандай (хош иісті 
өсімдік), ал денесі қоян сияқты, депті.
Тоғызыншысы: Күйеуімнің үйінің тіреуі биік. Қылышының 
қыны ұзын. Ошағының күлі көп. Үйі мәжіліске жақын адам
депті.


76
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Оныншысы: Күйеуім бай. Оның байлығы қалай? Оның көп 
шөгетін, аз бос жүретін түйелері бар. Аспаптың даусын есітсе, 
пәлекетке ұшырайтынын (бауыздалатындарын) біледі.
Он біріншісі: Менің күйеуім Әбу Зәр. Ол Әбу Зәр болғанда 
қандай! Ол көңілімді жай таптырады. Құлақтарымды сырғамен, 
қолдарымды да білезікпен толтырады. Ол мені тay жайылы-
мында жүрген отардың басынан алып, aт пен түйенің шуылы 
мен дәнді дақылдың ортасындағы қырманды жанұяның ара-
сына әкелді. Онымен әңгімелесетін едім, бірақ бейәдеп сөздер 
айтпас едім. Менің ұсынысымды кері қайтарған емес. Таңға 
дейін ұйықтаймын. He кием, не ішем демеймін. Оның анасын 
айтсаңдаршы! Қоймалары үлкен әрі кең. Ал оның баласы өз ал-
дына! Төсек орны тaп-таза жібектей. Оны қозының асық жілігі 
тойдыратын еді. Қызы да қандай тамаша! Әке-шешесін мұқият 
тыңдайды. Қарасаң көзің тоймайды. Ал күңі де дәл солай! Өсек-
аяңға жуымайды. Жаманымызды жасырып, жақсымызды асы-
рады. Үйді сүттей ұйытып отырады.
Омырауымызда сүт толып жатқанда Әбу Зәр шығып кет-
ті. Сол кезде аш қасқырдай жалаңдаған екі баласы әйелге ке-
зіге кетті. Ол екеуі анасының қолтығына қыстырған анармен 
ойнап келе жатты. Ол менімен дереу ажырасып сол әйелмен 
отау құрды. Мен де қарап қалмай жүрекпен сүйген адамым-
мен тұрмыс құрдым. Ол ер жүрек атты жауынгер. Қолына най-
за алып үйге көп түйе алып келеді. Маған әрбір малдан жұп-
жұбымен берді. Әй, Умму Зәр әулетіңе де бер деді. Бірақ оның 
маған бергендерін жинасам Әбу Зәрдің қаптарының кішкенесін 
де толтыра алмайды, депті.
Айша анамыз былай дейді: «Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) маған 
былай деді: «Мен сен үшін Умму Зәрдің Әбу Зәрі сияқтымын» 
(Бұхари, Никах 82; Мүслим, Фадаилус-Сахаба 92).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет