Қанікей - Есенейдің жеті жылдан бөлек тұратын әйелі, сұлу, жеңілтектеу
атақты байдың қызы. 7 жылдан бері Кіркөйлек деген жерде жеке тұрады.
Сәдір - кезінде батыр болған Есеней мен Артықбайдың досы, жылқышы.
Түлен - Артықбай құда болған Бағлан аузында отыратын бір саудагер.
Мырзаш(Мырзагелді)- Түленнің Ұлпанға атастырған ұлы.
Біжікен(Бибіжиһан) - Есеней мен Ұлпанның қызы.
Өтеміс - кәрі би; Тілеміс - Торсанның тілмаш болған әкесі.
Торсан - Біжікеннің күйеуі, білгір де ұтымды, өресі биік, адал, еңбекшіл жігіт
болғанымен Ұлпанның үмітін ақтамайды.
Ырымбек - Ұлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Түленнің
әкесінің әкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың
Қайыргелдісінің жиені Игенбердінің немере қызын алып отырған адам.
Маңызды деректер:
Есенейдің жылқысы аңшы Мүсірептің ақылымен
«Қаршығалы» жеріне
келеді. Қазақ байлығы - жылқысында.
Достарыңызбен бөлісу: