«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Артықбайдың бұрынғы мекені - «Ақсуат» деген жер



Pdf көрінісі
бет122/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Артықбайдың бұрынғы мекені - «Ақсуат» деген жер.
Ұлпанның сипаты: «Басында күрең барқытпен тыстаған қара елтірі бөрік,
үстінде сол күрең барқытпен тыстаған жеңіл пұшпақ ішік, күрең барқыт
шалбар, белінде күміс жапқан қаптырмалы бұлғары белдік. Аяғына биік өкшелі
шоңқайма етік - қосай калош, бәрі де сандық түбінде жататын бір киер екені
танылып тұр.»
Кенжетай қамшысын екі бүктеп домбыра етіп айтқан жыры: «Сұлушаш»
Жаугершіліктен, ұрлықтан қолға түскен адамдарды әуелі көгендеп алып қорлау
- қорлаудың да ауыр түрі. Бұл кезде қалып бара жатқан ескілік. «Көгенге түсіп»
қайтқан жігітте қадір-қасиет қалмайды. Сәдірдің «Кебіс ауыз», «Қара
жапалақ» дегендерінде де мән бар.
Ұшықтау - ежелгі ауруды аластау кезінде жасалған ем-дом түрі.
Қарғыс - ежелден сөз киелі саналған, қуанса шын көңілмен бата айтса,
керісінше ренжісе қарғыс айтқан. Айтылған сөздің орындалатынына сенген.
Құда түсеміз деген Есенейдің хабарын Артықбай мен Несібеліге және
Ұлпанның өзіне тура жеткізген - Түрікмен Мүсіреп.
Ұлпанның айтқан жауабы: «Мен арзанға түсетін қыз емеспін». Бұл сөздің
мәні: «Маған оңаша отау - ойнақ үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін де,
төріңізде отырамын.»
Ұлпан Есенейдің үйіне келін болып түскеннен бастап, ел арасындағы істерге
аралыса бастайды. Кедейленіп кеткен халықтың жағдайын көтереді. Ел
арасында «екінші Есеней», «Ақнар», «Әулие Ұлпан» атанып кетеді.
Ұлпан үйі жоққа үй беріп, «орыс үй» салдырып, елге атағы жайылады.
Есеней де көп ұзамай Артықбай сияқты сал болып, қатты ауырып қалады. 9
жыл Есеней де, Ұлпан да азаптанады, дүниеден озған күні Артықбай да қаза
болады екен.
Күмбезді күңірентіп аят оқыған: Хұсайын молда.
Ол кезде Біжікен 10 жаста, әкесін алғаш 4 жаста көреді, басында шошып
кеткенімен кейін үйренісіп кетеді. 7 жасында сабаққа кетерде, әкесіне бір
тостаған қымыз апаратын болады. Әкесінің қазасына қатты қайғырып, жоқтау
айтады.
Осыдан соң Ұлпан Біжікенге күйеу іздейді де өз тілегін Керей адамдарына
айтады. Төрт жылдан кейін Торсан деген жігітке тұрмысқа шығады, көп ұзамай
қатты ауырып қаза табады. Соқырішек деп ойлайды, соңында Ұлпанға бар
шындықты айтқан екен. Жалғыз қалған Ұлпан қатты қайғырады, соңында өзіне
қол жұмсайды.
Сөз соңында 1928 жылдың күзіндегі автордың басқа да адамдармен бірге
Қызылордаға барарда жолай Ұлпанның бейітіне барып құран оқығаны
сипатталады және де Ұлпанның есімі мәңгі есте қаларын көрсетеді. Үлкен ағам
мұғалім Хамит мені Қожабай көлінің басынан Лебяжі теміржол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет