Кенесары ақылдасатын өзге ұлт өкілінің адамы: Жүсіп, Иосиф- Гербург.
Генс пен Перовскийдің түйгені: «Қазақ сөз жоқ батыр халық, тек бастары
бірікпейді».
Кенесары хандықты аңсайды, Жаппас руынн бастап бағындырамын дй-
еді. Бағынбаса, артымнан ермесе қорқытып дегеніме жетемін дейді. Кене-
сары түсінде өз өлімін көреді.
«Атамұра» баспасы
Нысанбай жыраудың қиссасы Шыңғыс шежіресі туралы: ол монғолдармен
іргелес Керөлең, Онон өзендерінің бойында көшіп жүрген Керей руының қа-
лайша Шыңғысханның алғашқы жемі болғанын күңірене жыр етті. Бір мезет
Орхон, Ом, Ертіс өзендерінің жағасындағы Найман, одан төмен, осы күнгі Са-
рыарқаның солтүстігі мен батыс өңірін жайлаған Алшын, Қыпшақ руларының
Шыңғысханға қалай бағынғанын желдірте өтті. Содан кейін Арғын, Найман, Ке-
рей, Қыпшақ, Қоңырат, Алшын сияқты белді рулардың Шыңғысханның үлкен
баласы Жошының Ұлысына бағынып, Батуханның Алтын Ордасының негізін
қаласқанын, Сарыарқа мен Еділ, Жайық бойын еркін жайлағанын бір шолып
кетті. Жетісудағы Үйсін, Дулат, Жалайыр руларының Жағатай ұрпақтарының
иелігіне қалғанын да жыр етіп өтті. кәрі домбырасын екпіндете ұрып Жағатай
мен Жошы ұрпақтары нешеме жүз жыл бойы осы ұшы-қиыры жоқ кең даланы
билегенін мақтан етті. Алайда бірімен бірі хандыққа, баққа, жерге таласып рә-
суа боп, Алтын Орда ыдырағаннан соң Жошыдан шыққан Керей, Жәнібек сұл-
тандар Шу ойында әлімсақтан бері келе жатқан Арғын, Қыпшақ, Үйсін тәрізді,
көне тайпаларға бірте-бірте Уақ, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Дулат, Жа-
лайыр, Бестаңбалы секілді түркі тілдес руларды қосып қазақ хандығын құрға-
нын мадақ етті. Содан кейін Жәнібектің баласы Қасым ханның кезінде қазақтың
айбынды ел болғанын бір мақтаныш етіп берген. Нысанбай жыршы сәл дем
алып шежіреге қайта көшкен. Бұл жолы Қасым ханнан соң қазақтар аз уақ тағы
да быж-тыж болып келіп, тек Хақназар кезінде ғана қайтадан бас қосып, іргелі
ел болғанын, Тәуекел, Есім, әз Тәуке хандардың тұсында тасы өрге домалаған,
сырт дұшпандар шеніне келе алмаған айбынды мемлекетке айналғанын көзі от
шаша отырып жырға қосты. Кең байтақ жерді алып жатқан үш жүзден құралған
елдің ауызбірлігі күшті болғанын, үнемі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шыға-
рып отырғанын дәріптей келе
Арғын, Найман, Матай, Алшын, Адай туралы
да сөз етеді. Қазақ елінің ең жауынгер руларын шашпауларын көкке көтере бір
шыр-қап, осы бірлестік Тәуке хан өлісімен тағы бұзылғанын, әр тайпа сұлтанда-
ры хандыққа таласып елдің шырқын кетіргенін айтып берді.
Содан кейін Ны-
Достарыңызбен бөлісу: