жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.
Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.
Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,
өткінші сезімдерді көріп,
кешегі "доспын" дегеннің
минутта жерінгенін көріп,
кімнен өшімді аларымды
білмей,
кімдерге кінә тағарымды
білмей, ЭПИФОРА
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем. ГИПЕРБОЛА
Өмірдің өткелдерінен ЭПИТЕТ
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің
үшін,
қатем мен жеңістерім
үшін
менің мынау
қиындау тағдырым болып
ЭПИТЕТ
о баста көріскенің
үшін ЭПИФОРА
Өлең, мен сені аялап өтем!
«БАУЫРЛАР» ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ
«
Тақырыбы: Атажұртқа шақыру, бауырмалдық
«
Идеясы, түйіні: Барша қазақты Атамекенге шақырып, қазақ тұтастығын на-
сихаттау
«
Тармақ, бунақ, буын саны: 4 тармақ(72), 3 бунақ, 11-12 буын
«
Ұйқас түрі: қараөлең ұйқасы
«
Әдеби теориялық ұғымдар:
Достарыңызбен бөлісу: