«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет20/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«МӨҢКЕНІҢ БОЛЖАУЫ»
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішінен шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсақ ауырып қалатын
Бежірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады...
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады,
Жастарға билігі жүрмес кәрің болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Ала шұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады...
Қабағын түйіп қайыр тілейтін адамдар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады...
Сарылып көлік тосасың,
Құны жоқ қағазды судай шашасың...
Бай құрып, бақсы азады,
Кен көбейіп, бейшара озады.
Қу моладан үйің болады,
Қу баладан биің болады.
Кебір жерге теңеледі,
Әйел ерге теңеледі.
Сиыр өгізге теңеледі,
Көл теңізге теңеледі.
Адам ақысыз жұмыс істемейді,
Дүниені түрлеп кестелейді.
Ащыны ащы демейді,
Сағынып тамақ жемейді.
Тапқанын олжа дейді,
Алһам білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші-көршіге кірмейді...
Түрлі-түрлі халық болады‚
Күндіз-түні жарық болады…
Дүниенің жүзіне‚
Өре мен темірден жол тартылады…
Адам ақысыз жұмыс істемейді‚
Дүниені түрлеп кестелейді.


Жақсыны алдар жезбенен,
Іріткі салар сөзбенен.
Өзен мен көлге атақты,
Толтыра сала қаланы.
Азарсың, жұртым, азарсың,
Азғаныңның белгісі,-
Атыз-атыз жыртылған,
Жер шығады деп еді...
Арық шығар деп еді,
Сол арықтың ішінде,
Ыңғайы жоқ жаманның,
Пышағы мен шақпағы,
Қалып шығар деп еді.
« Түсінік: Бұл жерде Мөңке болашақты болжаған. Жарық орнатылатынын, темір жолдар са-
лынып, түрлі халық болатынын, олардың ақысыз жұмыс істемейтіндігін дәл тапқан. Құрама-
лы үй, әділетсіз билік, халыққа еш пайдасы жоқ жиындар болады деген, ұрпақтың бұзыла-
тындығын айтқан. Жалпы болашақты ақыр заман белгісі ретінде сынап, болжап дәл айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет