«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет21/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«ӘНЕТ БИ НАҚЫЛДАРЫ»
Күлтөбеде айтқаны:
Үш арсыз: 
ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш ғайып:
ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш даусыз: 
мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.
Ұш қадірсіз:
жігіттік қадірсіз, денсаулық қадірсіз, әйел қадірсіз.
“Қадірсіз” дегенде, бұл жерде Әнет баба адам баласы жас уағында осы үш асыл
нәрсенің қадірін білмейді, ес тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.
Үш тәтті: 
жан тәтті, мал тәтті, бала тәтті.
Үш күшті: 
ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті.
Үш жаман: 
нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
« Түсінік: Үш арсызға ұйқыны, тамақты, күлкіні жатқызған. Ғайып деп қашан боларын біл-
мейтін ажал, қоақ, несібені айтқан. Мінез, кәрілік пен ажал даусыз болары белгілі. Қадірсіз
деп бар кезінде қадір тұтпайтын дүниелерді атап айтқан: жігіттік, денсаулық, әйел. Үш тәт-
тіге жан, мал, баланы жатқызса, үш күштіге ақыл, жүрек, тіл деген. Үш жаманға дүниедегі ең
жаман істерді айтқан. Жазықсыздардың қанын төгу, кісі мал-мүлкін тартып алу, ата-бабаның
ескіден қалғанын бұзу үш жаманға жатады екен.
«Жеті жетім»
Сөз жетім, ынтаменен тыңдалмаса,
Бөз жетім, киілместен тозған болса.
Жер жетім, иесі жоқ қалған болса,
Ел жетім, жақсы басшы арман болса,
Көл жетім қаз қонбаса құстары ұшып,
Ер жетім жеке қалса тізе құшып,
Болмаса замандасың тойға барма,
Басына жалғыздықтың торы түсіп.
« Түсінік: Егер сөзді ешкім тыңдамаса жетім, бөз ешкім киместен тозса, иесіз болса жер,


басшысы болмаса ел, құстары жоқ болса көл, жалғыз қалса ер жетім екенін айтқан.
«Жеті қазына»
Жеті қазына: әйел, ер жігіт, ілім-білім, жүйрік ат, кыран бүркіт, берен мылтық, алғыр
ит.
Соны айтқанда біреу тұрып "Баба, қазақта тағы бір мақал бар "Бала белде, қатын жолда" дей-
ді. Ер жігіт әйелді жаудан барып олжалап алады, айттырса қалың малына қырық жылқы
айдап апарып береді. Бұл - шығын, қазақта тағы бір мәтел бар "Қойныңдағы қатыныңа сенбе,
астыңдағы атыңа сенбе" дейді. Тағы айтады "Атың жаман болса сатып құтыларсың, қатының
жаман болса кайтіп құтыласың". Соған қарағанда, әйелді "жеті қазынаның бірі" деу дұрыс
бола қояр ма екен? - Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс, - депті
Әнет баба сонда. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы - әйел. Сондықтан, оған тіл
тигізуге де, қол тигізуге де болмайды. Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет
тұтқан. Ал, бірді-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса он-
дайларға тыйым салу керек.
« Түсінік: Әйел адамның қоғамдағы орны ерекше екенін дәлелдеп айтқан, жеті қазынаның
бірі емес біріншісі екенін сөз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет