«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Қосымша (Сырым Датұлының нақыл сөздері)



Pdf көрінісі
бет23/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Қосымша (Сырым Датұлының нақыл сөздері)
«Табалдырықтан биік тау жоқ,
Жаман ағайыннан асқан жау жоқ.»
«Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер қайғы-зар.»
«Бір аяқ сусын екі кісінің құны: су табылмаса, шөлдеген өледі, ұяттан – тауып бермеген
өледі.»
Дәурені озса, жасы жеткені болар,
Қамқа тозса, күтімі кеткені болар.»
«Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам, атам жараған болар,
Жоқтан бар болсам, Құдайым қараған болар.»
«Азамат жетім болмайды, халықтан болса панасы,
Халық жетім болмайды, басшы болса данасы.»
«Ағаңнан айырылсаң – қанатыңның қайырылғаны,
Әкеңнен айырылсаң – асқар тауыңның шағылғаны,


Сүйген жарыңнан айырылсаң – жапырағыңның қуарғаны,
Анаңнан айырылсаң – ағып жатқан бұлағыңның суалғаны.»
«Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар.»
«МАЙҚЫ БИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ» (Қосымша өзіме)))
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Дауыл болмай, жауын болмас,
Даулы болған, қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайда тепкі жейді.
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
Хан әділ болса, халық ынтымақты болады.
Бірлік түбі - береке.
Жаман әйел ер қадірін білмес.
Хан - халықтың қазығы.
Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.
Дау арашасыз болмас, хан қарашасыз болмас.
Бірліксіз тірлік жоқ.
«Тұлпардан тұлпар туады...»


Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малбақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет