хат жіберген Зенбулатов. Бес мыңға тарта ауыр қолдың алдында Байбақты Сырым, Табын Ба- рақ пен Тіленші, Шекті Көтібар. Оларға ілесе Тамалардың ел ағалары - ағайынды Қадыр мен Садыр, бес Сұлтансиықтың белгілі батырлары - Масқар Дөнен, Алаша Өтеулі; Қызылқұрт Жанбай мен Жабан; Тана Сұлтанәлі; Табын Құламан, Таламан, Жарас, Көней, Сырым ағасы Атантай батыр, бөрідей інілері: Жандыбай, Барлыбай, Қалдыбай. «Айқас» бөліміндегі Сұлтансиыққа ортақ : қызыл күрең ту
Майдан алаңында жалғыз қалып, қолға түскен: Рештейнер.
Рештейнердің тұтқындалып, мәңгіріп отырғанда ойына келгені: «Е-е, күрке- тауық көп ойланамын деп, көжеге қатық боп кетіпті» Тұтқындаған - Табындар, «Стакан!» деп естілген ұрандары - «То- стаған!». Ал өзін байлап алған түбіт иек бозбала - табынның атақты ба- тыры Сатыбалдыұлы Барақтың Асау атты әлі жиырмаға толмаған жас өскіні. Уфа және Сіңбір әкімшілігінде талқыланатын негізгі мәселе: Таналық секілді мықты қамалдың оқыстан шабуылы турасындағы шатақ әңгіме. Таналық қамалының шабуылы да қырғыз-қайсақтың басынғанынан болған барымта емес, шектен шыққан озбырлық нәтижесі. «Ұлы жиын» болатын жер - Боз төбенің басы. Қақ төрге Шеркеш Тұрманбет би, Беріш Алдар би, Адай Атағазы батыр. Оң жағында: Төртқара Қаракөбек, Өтебас, Шекті Құдаш, Бәйіш, Сегіз- бай, Кете Көккөз билер бастаған Әлім ата балалары. Сол жағында: Табын Тіленші би мен Барақ батыр, Тама Қадыр мен Са- дыр, Жағалбайлы Сағыр, Тотай батыр, Кердері Қоныс би бастаған Жетірудың игі жақсылары. Өз төңірегінде: Ысқақ Қаратау би, Беріш Қара Батыр, Масқар Дөнен. Шешілген мәселе: ханды биліктен түсіру, «Ханталапай!» Алдар би «Хан кеңесі» жайлы сөйлейді. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырын сөз арасында айтады.
Нұралы хан 37 жылдай билеп келеді. Петербор мен Орынборға дейінгі үл-
кен ұлықтар не айтса, соны істеумен келеді. Ол «Бұл елді өзім ғана билей-
мін!» деп күллі игі жақсыларды кеудеден итерген.
Үш жақсы: Әлімұлы Шекті Сегізбай би; Байұлы Шеркеш Тұрманбет би;