«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Басталуы:  Кенесары-Наурызбай бейнесі. Көтеріліс кезеңі Байланысуы



Pdf көрінісі
бет26/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Басталуы
Кенесары-Наурызбай бейнесі. Көтеріліс кезеңі
Байланысуы: 
Қырғыздардың Топжарғанды барымталауы.
Дамуы: 
Қырғыз халқына басталған жорық.
Шиеленісуі: 
Алауыздықтың күшеюі. Кәрібоздың зары, Ержанның тұтқынға түсуі.
Шарықтау шегі: 
Наурызбайдың жалғыз аттануы.


Шешімі: 
Шыңғыс ұрпақтарының жеңіліс табуы.
« Кейіпкерлері:
Кенесары - Абылай ханның ұрпағы, көтеріліс бастаушы, батыр, көсем.
Наурызбай - Кененің бауыры, батыр, қолбасшы.
Нысанбай - жырау, ақын, батыр, қобызбен бал ашушы.
Бұғыбай - ең сенімді батырлардың бірі.
Ержан - Кененің қырғыздарға тұтқынға түскен інісі.
Саржан, Есенгелді - Қасым төре ұлдары, Кененің ағалары.
Қалша хан - Қырғыз ханы, ағасы Кенесарыны тұтқында алады.
Кәрібоз - Ер Қанайдың баласы, қырғыз батыры, Наурызбайды тұтқында алады.
Жанғараш би - Ержанды тұтқынға алған Есқожаның баласы.
Наурызбайдың артынан ерген батырлар: Меңдібай, Дулат, Ағыбай, Арғыннан шыққан үш
жігіт – Шәкір, Жәуке, Толыбай, Табыннан қабан Бұқарбай.
« Маңызды деректер:
Жер-су аттары: 
Әуелгі мекен - Көкшетау, Жазғы жайлау - Ұлытау, Іле, Қоқан, Алатау,
Арқа, Қарғалы, Қарабалта, Соқылық, Қызылсу, Дуан, Құмбел.
Қырғыздар ұрлап кеткен Наурызбайдың тұлпары: Топжарған.
Кенесары-Наурызбай бейнесі:
«Кешегі өткен Кенекең -
Дүрі жауһар данасы.
Үйсіздерге үй болған,
Биуатаның қанасы,.
Шаршағанға ат болып,
Шөлдегенге су болып,
Дарияның аққан саласы.
Ататегін сұрасаң -
Хан Абылай баласы.»
«Кенесары, Наурызбай
Атағы шықты аңқылдап.
Жауды үркітіп, қашырды,
Ақ алмастай жарқылдап,
Зәресін алды дұшпанның,
Найзағайдай шартылдап.
Қасына ерген төлеңгіт
Олжаға батты қарқылдап»
Наурызбай қырғыздардың Жаппар ие қамалын 30 жігіт қосшы алып, атқа мініп тас-
талқан етіп жеңеді.
300-дей айғыр бие, 160-тай түйе алып, бөліп береді.
Жалғыз атты ұрлап, кінәлі болған қырғыздардан өшін алмақ болған Кене қолдау
іздеп барған ру-тайпа: Дулат
Кененің Дулаттарға қолдау іздеп баруының салдары:
«Асаулар үзді шідерді,
Сыйламай Дулат жіберді.
Сыйынып барған елінен,
Кене хан үзді күдерді.»
Қабағы түнерген хан күзді күні қырғыздарға аттанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет