«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


«Махамбеттің жырларындағы қанатты сөздер»



Pdf көрінісі
бет37/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«Махамбеттің жырларындағы қанатты сөздер»
Жақсыменен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаман менен дос болсаң,
Айырылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлектеп,
Қолдан берер есеп дер.
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Қыран құстың баласы
Ұшса, келмес ұяға.
Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай,
Көзін салар қияға.
Бұл дүниенің жүзінде
Айдан ару нәрсе жоқ –
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ –
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Көшпелі дәулет кімде жоқ –
Бірде бар да, бірде жоқ.
Шын ажалың жетпесе,
Ажалдан бұрын өлмессің.
Жалаңаш бар да, жауға ти.
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Ат – жігіттің майданы,
Қылыш – жанның дәрмені,
Өлім – хақтың пәрмені.
Атақты ермен бірге өлсе,
Жігіттің болмас арманы.
Өте шыққан қызыл гүл –


Бұл дүниенің жалғаны.
« Түсінік: Бұл дүниедегі көптеген істердің дұрыс-бұрысын жазған.
«Біржан-Сара айтысы»
Сараның сөзі: 
Қызы едім Тастанбектін, атым - Сара, 
Ішінен ер Қаптағай шықтым дара. 
Он үште
домбыра алып, сөз сөйлеп ем, 
Келемін бір сүрінбей жеке-дара… 
Сөйледім қаз мойынды жарма жалмен, 
Әкеме ұлдай боп ем біткен малмен. 
Ауылында Тұрысбектің
сөз сөйледім, 
Баласы Қожағұлдың Біржан салмен…
Біржанның қызды шақырып айтқан сөзі: 
Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері, 
Іздеген келіп тұрмын Біржан сері. 
Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, 
Ауылында Тұрысбектің өлер жері… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет