«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Қанатың қатты, мойның бос



Pdf көрінісі
бет36/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Қанатың қатты, мойның бос.
эпитет
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
метафора
Мен де
айрылдым елімнен; -еспе қайталау
Көл қорғаны сен едің, - метафора
Сен де
айрылдың көліңнен. - еспе қайталау
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
эпитет
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
эпитет
Айтып - айтпай немене,
Құсарлықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!»
« Түсінік: Қызғыш құсты өзіне ұқсата жрлайды.
«Шалкиіздің нақыл сөздері»
Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.
Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
Ақылсыз достан Ақылды дұшпан артық-ты.
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
Ақылсыз достыдан,
Ақылды дұспан артық-ты
Жоғары қарап оқ атпа,


Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
« Түсінік: Адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді саралайды.
«Бұқардың тілектері»
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,


Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
« Түсінік: Өмірдегі ең маңызды деген дүниелерді теріп, тілек ретінде айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет