Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап еш нәрсе айтпай, өлеңдете берген екен.
«Неге үнде-
мейсіз?» - дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май», - деп жүре
беріпті.
Сілентіден өтіп, Жалаңаштың тұзына барғанда:
«Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алды-
ма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің
жоқ, табылмайтын жер екенсің», - депті.
Есіл өзенін көргенде:
«Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», -
депті.
Нұраның бойын көргенде:
«Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», - депті.
Торғай өзенін көргенде:
«Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен», - депті.
Терісаққан деген өзенді көргенде:
«Сарыарқаның тұздығы екен», - депті.
Жеті қоңырды көргенде:
«Сарыарқаның маусымы екен», - депті.
Ұзын аққан Сыр бойын көргенде:
«Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды
жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», - депті.
Сулы Келес, Нұрлы Келес өзендерін көргенде:
«Мөңіреуің, сиыр болып мөңіреуің. Сиыр
тұқымы үзілмейтін жер екен», депті.
Асанқайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрем, бұларға
жағдай туғызамын деп көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде жақсы қонысқа
да, жаман қонысқа да баға беріпті.
Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып:
«Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер
едім, әттең, атым көтере алмайды-ау!» - депті.
Шыңғырлауды көргенде:
«Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау, сен өсір-
дің!» - деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау өкпелер,
аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап-қунап кетейік», - деген екен.
«Ай, Жанарыстан, жырымдай суға бола шетте қалдың-ау, есіл ерім-ай», - деп бір төбеге
келіп жылап тұрған екен.
Елі үшін қайғы-мұңсыз, жанға жайлы, малға құт, жауласу жоқ, «қой үстінде боз торғай
Достарыңызбен бөлісу: |