Кездесетін салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар: қансонар, атстыру, бал ашу, алып қашу, жер дауы, жесір дауы,
соңғы үш тілек, аманат ету.
Автордың бұл өлеңді жазған мәні: жастықпен салған ән емес, қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? дегеннен көп
ғибрат алрсың. Ғаділ, залым, шафқатлі - мейірімсіздерді айыра алмай қапы қалма!
«
Ұлттық құндылық: Тарихи оқиғаны ұштастыра жазған.
«
Түсінік+өз ойым: Қос ғашықтың тағдырын айтумен бірге, автор надандықты, қаталдықты сынаған, қазіргі
кезде мұндай руаралық қақтығыстар жоқ.
«
Ұқсас шығарма: «Қалқаман-Мамыр» Ш. Құдайбердіұлы
«ЕГІННІҢ БАСТАРЫ» АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
«
Тақырыбы: Тәкаппарлық - жаман қасиет
«
Идеясы: Бір бидай арқылы барлық жанды ешқашан тәкаппар болмай, тек жақсылық жасап жүруге шақыра-
ды.
«
Жанры: Мысал өлең
«
Композициялық талдау:
Басталуы: Әкесі мен жас бала
Байланысуы: Екеуінің әр егінді аралап жүруі
Дамуы: Көкке қарап тұрған жалғыз бидай
Шиеленісуі: Баланың бидайға көзі түсіп, әкесіне қойған сауалы
Шарықтау шегі: Әкенің жауабы, мұның мәнісі
Шешімі: Тәкаппарлық - ең жаман мінез
«
Кейіпкерлері:
Әке мен бала - Егін аралап, сайран салып жүрген жандар.
«
Маңызды деректер:
Бастар дәнге толған бидайлар, тағзым етіп тұрғандай. Тек бір бидай ғана өзін көпке балап тұрғандай, көкке қа-
рап тұр. Мұның мәні: «Өзгелер бүгіліп тұрғанымен, бұл бидадан кем емес, керісінше, құр сорайған қарасына қа-
рай салмау керек, Құдайым өзгесіне дән берген де бұл бидай дәнсіз қалған. Басқа бидайлар иіліп, дән берген қо-
жасына сиынып тұрғандай, ал бұл бидайдың басында дәні болмағандықтан, кекірейіп, көкке қарап, бүлініп
тұр.» Бұл жерде сол бидайды тәкаппар мінезді адамға ұқсатып тұр.
«
Ұлттық құндылық: Жақсы мінез бен ақыл
«
Достарыңызбен бөлісу: |